САЙРАМДЫҚ КӨП БАЛАЛЫ АНА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ АЛЫП КӘСІБІН ЖАНДАНДЫРУДА
Көптеген қазақстандықтар 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде гранттар алып, өздерінің бизнес-жобаларын табысты іске асыруда. Тиімді ұсынысты пайдаланып, кәсібін дөңгелетіп жатқан азаматтардың қатары толығуда. Осы орайда өңірдегі Сайрам ауданында қайтарымсыз мемлекеттік грант иегерлері сан алуан кәсіпті дөңгелетіп, табыс көзін тауып отыр.
«Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсының қатысушылары бола алады: 1) жұмыссыздар; 2) ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер; 3) зейнеткерлік жасқа жетпей жұмыстан қысқартылатын қызметкерлер; 4) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей кіріс алу мақсатында тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар және (немесе) жұмыс істемейтін жеке кәсіпкерлер; 5) отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар; 6) табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар; 7) табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.
Оқыту 14 күнтізбелік күннен аспайды. Әр қатысушы курсты жеке-жеке меңгерумен айналысады. Оқу толығымен тегін.Оқыту келесі кезеңдерден тұрады: – бірнеше модуль бойынша онлайн оқыту курсы; – қорытынды тестілеу; – оқудан өткені туралы сертификат алу.Оқу барысында пайдаланушы бірнеше сабақтардан тұратын 12 модульден өтуі керек. Әрбір модуль аяқталған соң аралық тестілеу өткізіледі. Келесі оқу модуліне өту үшін қатысушы тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың кемінде 70%-ын жинауы керек. Аралық тестілеуден өту әрекеттерінің саны шектелмейді. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсы егер қатысушы қорытынды тестілеуді тапсыру кезінде дұрыс жауаптардың 70% – дан астамын жинаған жағдайда өтті деп есептеледі. Дұрыс жауаптардың 70%-ынан төмен жинаған қатысушыға қорытынды тестілеуден 2 рет қайта өту мүмкіндігі беріледі. Оқыту қорытындысы бойынша қатысушы бірегей нөмірі бар электрондық сертификат алады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаттың қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды. «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» онлайн курсынан өткен қатысушылар ұлттық жоба шеңберінде бизнес-идеяларды іске асыруға грант алуға үміткер бола алады.
«Бизнес бастау» жобасы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Ал «Еңбек» бағдарламасы жұмыссыздықты азайту және монополист компанияларға бәсекелестік тудырып, нарықтағы бағаларды төмендету мақсатында ұйымдастырылып отыр. «Бизнес Бастау» жобасы нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. Жобаға тіркелу басталды. Оқу барысын онлайн өтетін болғандықтан қатысушыларға шәкіртақы төленбейді. Оқу ұзақтығы 21 күн. Қатысушы оқу барысында жоба дайындап, қорғап шықса 555 600 теңге көлемінде қайтарымсыз грант ұтып алуға мүмкіндігі бар. Осы орайда, жобаның маңызды тұсына тоқталғым келеді. Бөлініп жатқан қаражат – кәсіп бастауға берілетін мүмкіндік. Жобаға қатысқан әр қатысушы осы мүмкіндікті пайдаланып, әрекет етіп, кәсіпті дамытуға тырысу керек. Бүгінгі таңда біздің ішетін тамақтарымыз, киетін киіміміз, сатып алып жатқан әр техникамыздың бәрі – импорт. Біздің ел, біздің мемлекет шикізат көзіне айналып кеткен. Басқа мемлекеттер шикізатты бізден сатып алып, өңдеп өзімізге қайта сатуда. Одан мемлекетіміздің экономикасы өспейді. Біз тек басқа мемлекеттердің табысын арттырып жатырмыз. Сондықтан елдімізде шикізатты өзіміз өңдемейінше алға жылжымаймыз. «Бастау Бизнес» бағдарламасының аты айтып тұрғандай кәсіпті бастауға арналған жоба. Оқу барысында жақсы жобамен көзге түскен, жобаны сәтті қорғап шыққан қатысушыларға берілетін сертификатпен қатар ары қарай 2-5 миллионға дейін қайтарымсыз грант ұтып алу мүмкіндігі беріледі.