“Туған жер-тұғырың” атты тарихи кеш өтті

0
159

Қазығұрт ауданындағы Жылыбұлақ ауылдық клубының ұйымдастыруымен мәдениет саласындағы қызметті, ішкі туризмді дамытуды қолға алу мақсатында  “Туған жер-тұғырың” атты тарихи кеші аясында “Суан баба” кесенесіне саяхат жасалынды. Қазығұрт ауданының 95 жылдығына орай ауылдың тарихын насихаттау, туған жерін, елін құрметтеуге, ата-баба мұрасын құрметтеу мақсатында ауыл балаларына тарихи кешеннің маңыздылығы түсіндірілді.

Одан бөлек, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Сарапхана ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, “Елдің асыл тірегі-Ата Заң” атты тақырыпта танымдық кеші өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Ата Заңның бағасын білу, еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу. Сонымен қатар, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Алтынтөбе 1 ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай “Елдің асыл тірегі-Ата Заң” атты тақырыптық кеш болып өтті. Мақсаты: Ата Заң жайлы ұғым түсініктерін қалыптастыру. Ата Заңға деген сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту.

Одан бөлек, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты Үшбұлақ ауылдық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай, “Ата заңым – айбыным” тақырыбында кітап көрмесі бастау алды. Көрмеге кітаптар мен суреттер, Конституциямен Ата заңға байланысты мақалалар қойылды. Мақсаты: Оқырмандарға Ата Заңның бағасын білу, еліміздің басты құжатын құрметтеуге үйрету. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.

Leave a reply