ЖАСЫЛ АЙМАҚ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

0
105

Түрленген Түркістанның экологиялық жағдайын жақсартуда жасыл алқаптың санын арттыру аса маңызды. Дегенмен, саннан гөрі сапаның артуы әлдеқайда өзекті. Бұл облыс әкімі Дархан Сатыбалдының басты ұстанымы. Өңір басшысы аталған саланың аяққа нық тұрып, ақсап қалмауының керектігін үнемі алға тартып келеді. Сөзіміздің дәлелі ретінде, Дархан Амангелдіұлының қарт қала маңындағы «жасыл белдеулерді» жиі аралап, өз бақылауында ұстануын айтсақ болады.

Облыс әкімінің тікелей бақылауына енген алқаптар арасында 268,0 гектар аумақты алып жатқан Қарашық өзенінің жоғарғы жағындағы Бірлік ауылын айтсақ болады. Бұл маңда 2019-2020 жылдары мәдени екпе отырғызылып, шамамен 350 мыңнан аса түрлі жапырақты ағаш көшеттері егілген. Жасалған жұмыстардың нәтижесі де көңіл қуантарлық. Алдағы уақытта да жоспарланған шаралар өз жалғасын таба бермек. Өңір басшысы жіті бақылауына алған аумақтар қатарында 120,0 гектарды құрайтын орман тұ-қымбағы да бар. Жоғарыда айтылған, экологиялық мәселенің түйінін шешу-де маңызды рөл атқаратын бұл нысанда қазіргі уақытта 33,0 гектар жерге ағаш-бұта тұқымдары себіліп, 4 гектар аумақ тамшылатып суғару жүйесіне көшкен. Тиімділігін дәлелдеп үлгерген бұл технологияның арқасында да ауыз толтырып айтарлықтай нәтижеге қол жеткізерімізге шүбә жоқ.

Дархан Амангелдіұлының тікелей бақылауына енген жасыл алқаптардың қатарын Қарашық өзенінің төменгі жағында орын тепкен 286,0 гектар ау-мақты алып жатқан көгалды аймақ толықтырып тұр. 2019-2021 жылдар ара-лығында бұл жерлерге 400 мыңнан астам әртүрлі ағаш көшеттері отыр-ғызылған. Қазіргі таңда, жергілікті климатқа бейімделуі мен жерсіндіру мәселелері ойдағыдай шешіліп, өнімділігі 65-70 пайызды құрап отыр.

Облыс басшысы киелі Түркістанның нағыз туризм орталығына айналуы үшін зәулім ғимараттардың ғана себеп болмайтынын алға тартады. Шаһардың қонақ күтуге қауқарлы болуына оның табиғаты да өте маңызды рөл атқарады. Сол себепті, өңір әкімі жауапты мамандарды өз ісіне жауапкершілікпен қарауға шақырып, ғалымдардың көмегімен бау-бақшалы нысандардың санын арттыруды көздеп отыр. Статистикаға сүйенсек соңғы 5 айда түрленген Түркістанға 500 мыңға жуық турист табан тіреген. Табиғаты жайлы, ауа райы қолайлы шаһар жасай алсақ бұл көрсеткіштің күн санап артатынына күмән жоқ.

Досхан ТӨЛЕГЕНОВ.

Leave a reply