САЙРАМ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ЖОБА ҚАЛАЙ ІСКЕ АСЫП ЖАТЫР?

0
102
Өздеріңізге белгілі, шағын және орта кәсіпкерлік саласын дамыту – еліміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Осы ретте, ауданда кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 2021 жылы 540 адамға грант берілген болса, былтыр 224 адам меленген. Ал, биыл 110 азаматқа 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грант беру жоспарланған.
Былтыр ауданда Абдурахманова Мафтуна есімді азаматша комиссия шешімімен мемлекеттен 400 АЕК көлемінде қаражат алды. Бүгінде кәсіпкердің «Еркін сөйле» атты логопед орталығы бар. Онда қазір 100-ден аса тілінен кемістігі бар балалар емделуде. Жалпы күні бүгінге дейін орталық 2000-нан аса бүлдіршінді қабылдаған. Қазір мекемеде 8 қызметкер жұмыс істейді. Сонымен қатар, кәсіпкер логопед курсы бойынша тәжірибесімен бөлісуде.
Айта кетейік, грант алған азаматтарға Орталық тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Атап айтсақ, кәсіпкер қаражат алған күннен бастап 3 ай мерзімі ішінде өз кәсібінің қызметін салық органдарына тіркеп, грант қаражаттын мақсатты пайдаланғанын растау үшін «Business.enbek.kz» интернет порталына арқылы алған заттарына шот-фактуралар мен қажетті құжаттарды өткізу қажет. Оған қоса, грант алған күннен бастап 12 ай ішінде аудандық Мансап орталығына қаржылай қаражаттың пайдаланылуы туралы аралық есептерді ұсынулары тиіс.

Leave a reply