ТҮРКІСТАН – БОЛАШАҚТЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІДЕГІ ЖАҢА ШАҺАРЫ

0
102

Түркі жұртының түп төркіні саналатын Түркістанның рухани және экономикалық тұрғыда кешенді дамуы, инфрақұрылымының сәт сайын жаңғырып, жаңаруы тұрғындар мен саяхатшылардың көз алдында өтіп жатыр. Түркістан шаһары бір кезде тарихи қала ретінде әлемге белгілі болса, бүгінде Түркістан облысының орталығына айналып, заманауи даму жолына түскен шаһар ретінде түркі жұртының назарын аударып отыр.

Түркістан қаласына облыс орталығы мәртебесі берілген тұста 2018 жы­лы Түркістан облысы хал­­қының саны 1983969 адам бол­са, 4 жылдың ішінде ол 285216 адам­ға кө­бейіп, жалпы 2269185 адамға жет­кен. Оның ішінде қазір Түркістан қа­ла­с­ында 221102 адам тұрады. Ал­­дағы уақытта бұдан да көбейе тү­се­тіні анық. Халықтың саны өскен сайын тұр­­ғындар тара­пы­нан көп­те­ген мә­селелер мен сұрақтар туын­дай­ды. Яғни, өсім бар жерде, инфрақұрылымға қатысты өзекті мә­селе­лер де туындап жатыр. Сон­дық­тан, атал­ған мәселелерді дер кезінде ше­шу шаһар басшысының басты мін­деті болмақ.

Қазіргі таңда Түр­кі­стан қаласында 12088 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 268,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, бюд­жет­ке төленген салық көлемі 8,1 млрд теңгеге жеткен. Соңғы үш жылда Түр­кі­стан қаласында 536 жоба іс­ке асып, оның 251-і пайдалануға тап­­­сырыл­ған.

Халықты баспанамен қам­та­ма­сыз ету ең басты қажетті­лік­­тің бірі десек, Түркістан қала­сын­да төрт жылда жалпы 337 көпқабатты тұр­ғын үйдің құрылысы жүргізіліп жа­тыр. Яғни 15411 пәтер, 1001,1 мың шар­шы метр.

Бүгінде жаңа қаланы ауызсумен қам­тамасыз ету де жақсы жол­ға қойылған. Түркістан қаласында ауызсу құ­бырларын қайта жаңғырту мақ­са­тында бірнеше нысанның құрылыс жұ­мыстары 7-шағын аудан, Мақта зауыты, Жөндеу зауыты, бірінші және екінші Яс­сы-Шавғар, Теміржол маңында қатар жүр­гізіліп жатыр. Нәтижесінде, қосымша 7500 жеке тұрғын үй сапалы ауыз су құ­бырымен қамтылатын болады. Киелі қаланы электр жарығымен қамту мақсатында Түркістан қаласы аумағы 98,5 пайыз электр қуатымен қам­та­ма­сыз етілген болса, оның 84 пайызы са­палы электр қуатымен қамтылды. Биыл 3 нысанның құрылысын аяқ­тап, қамту көрсеткішін 99 пайыз­ға жеткізу көзделіп отыр. Түркістан қаласында 845 ша­қы­рым­­дық 875 көше бар. Олардың 37,4 пайы­зы – асфальт, 47,5 пайызы – тас­жол және 15,1 пайызы – топырақ жол­дар. 2021 жылы 15,1 шақырым 11 кө­ше орташа жөндеуден өтті. Топырақ жол­дардың санын азайтып, тас жол­дар­дың саны мен сапасын арттыру мақ­сатында 2021 жылы 158 шақы­рым қашықтықты құрайтын 185 кө­шеге тас төселді. Осы жылы қалған 127,3 ша­қы­рым топырақ көшелерге ша­ғал тас төселіп, 46,4 шақырым құ­рай­тын 40 көшеге орташа жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп, асфальт жа­бы­ны төселмек. Бұдан бөлек, жалпы ұзын­дығы 29,6 шақырымға жететін 26 көшеге аяқжол салу жос­парланған. Жалпы, қалада 24 қоғамдық кө­лік бағыты бар. Қоғам­дық көліктің 18 пайызы жаңартыл­ған. Биыл тағы 50 жаңа автобус са­тып алу жоспарланған.

Тұрғындар санының өсуіне бай­­­ланысты Түркістан қала­сын­да 2025 жылға дейін 11 мектеп са­лынады деп жоспарланып отыр, оның бәрі де бюджет есебінен жүргізіледі. Бұған дейін «Ал­тын ұрпақ» бастауыш мектебі, «Turkestan бастауыш мектебі», «Бе­ре­ке Болашақ» мектебі, «Білім-Ғылым Ин­новация» мектебі, Bilim kemesi мек­теп-лицейі, «Nur интеллектуалды мек­тебі» секілді 6 жекеменшік мек­теп­тер пайдалануға берілді. Мұның бә­рі халықты білім беру орта­лық­тары­мен қамтуға және оларда сапа­лы білім беру ісін жүргізуге зор пай­да­сын тигізіп отыр.

Түркістанда «Керуен Сарай» көпфунк­цио­налды туристік кешенінде демалыс орындар және туристік нысандары іс­ке қосылды (Ramada by Wyndham, Emir Plaza, Rich Hotel, Grand Villa, Golden Ray Turkistan Hotel, Этно Парк Резорт).

Қаланың негізгі әлеуметтік-инф­рақұрылымы қаланып, жаңа­дан халықаралық әуежай, әкім­шілік-іскерлік және рухани-мәдени ор­талықтары салынды. Биыл мұз ай­дыны, ескек есу ка­налы, Б.Саттарханов атындағы спорт кешені, туристерге арнал­ған жа­санды көл демалыс орталығы са­лынып, пайдалануға берілмек.

Небәрі бес жылда тұрғындардың тұрмысын жақсарту үшін ерекше үш мәселе­ түбегейлі шешілді. Ал­ғаш­­қысы – табиғи газбен қамту. Бұ­ған дейін табиғи газбен қамту дең­гейі 26 пайыз болса, бүгінде қала тұр­ғындары көгілдір отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Өткен жылдары табиғи және сұйылтылған газды қауіп­сіз пайдалану мақсатында әлеу­меттік қолдауға мұқтаж 500 отбасыға газосигнализатор орнатылып, бұл өз ке­зегінде қаланың экологиялық ахуа­лын жақсартып және жасыл эко­номика бағдарламасына оң септігін ти­гізіп жатыр.

Екіншісі – қала халқын ауыз сумен қам­тамасыз ету. Бұрын Түркі­стан қаласында халық 100 пайыз та­за ауызсумен қамтамасыз етілмеген және суармалы су өте аз болды. Осы мәселерді шешу мақсатында бірінші ке­зекте халықты ауызсумен қам­та­ма­сыз ету қолға алынып, жүзеге асы­рылған екі ірі жобаның арқа­сын­да бүгінде бұл мәселе түбегейлі ше­шілген. 2050 жылға дейін ха­лық саны 500 000 адамға жету мү­м­кін деген болжам да ескерілген.

Түркістан қаласына 234 млн тек­ше метр ағын су жетіспей­ті­ні анық­та­лып, оны шешу үшін ға­лым­дармен кеңе­се келе Түркістан қа­ласына 248,8 млн текше метр ағын су жет­кізу­дің жо­лы табылған. Бұл үшін «Түр­кістан ма­гистралды кана­лын күр­делі жөн­деу» жобасы ар­қылы 60 млн текше метр су үнемделіп, қала ау­ма­ғындағы 8 шақырым канал бойы абат­тан­дыры­лады.

Бұрын ағын су 43 пайыз фильт­ра­циялық шығынға ұшыраса, енді оны болдырмау үшін бүгінде 52 ша­қы­рым каналды бетондау жұмыс­тары жүргізілген. «Кең­сай – Қосқорған» 2 су қоймасы жобасы пайдалануға берілді. Жоба аясында 34 млн текше метр ағын су жеткізіледі.

«Арыс-Түркістан магистралдық ар­насын толықтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық арна салу» ар­қылы 52,8 млн текше метр ағын су жет­­кізілетін болады. Жаңадан «Сарқырама» су қой­ма­­­сын салу арқылы 65 млн. текше метр ағын су жеткізілмек. Сондай-ақ, Кентау қаласында «Қос­­қорған» су қоймасын то­лық­тыра отырып, су төмендету жүйе­сін салу жо­басы арқылы 40 млн текше метр ағын су жеткізіледі.

Түркістан қаласы айналасында азық-түлік белдеуі қалыптас­тыры­лып, құны 26,9 млрд теңге бо­ла­тын бес серпінді инвестициялық жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қа­ла аумағында 225 гектарда 30 сая­бақ, 13,6 гектарда 15 сквер мен аллея­лар, 129,4 гектарда 9 алаң бар. Майкөтов кө­шесіндегі «Желілік саябақ», «Шатқал саябағы», «Оты­рар» мөлтек ауданындағы көп­қа­бат­ты тұрғын үйлер аумағын көгал­дан­дыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бүгінде Түркістан қаласын да­мы­тудың екінші кезеңі басталып кетті. Кешенді жос­парға сәйкес 109 жобаны іске асыру көзделген. Инвестиция кө­лемі 1,3 трлн теңге, оның 1 трлн тең­ге­сі немесе 77 пайызы жеке ин­вес­тициялар. Қаланы дамытудың екінші кезеңі бір­неше аумақта іске асырылады. Ау­мақта әуежай аумағына ауыл шаруа­шылығы және басқа да серпінді жо­балар іске асырылатын болады. Бірінші аумақта әкімшілік-іс­керлік орталығы аумағында за­манауи білім, денсаулық сақтау, спорт нысандары мен әкімшілік ғи­мараттар, демалыс орындары са­лы­натын болады. Екінші аумақта Б.Саттарханов даң­ғылы бойынша спорт ке­ше­ні, Яссы желілік саябақтары са­лын­бақ. Үшінші аумақта мәдени-ру­хани орталықта Әзірет Сұл­тан мұражай аумағы абаттандыры­лып, Қылует мешіті, аз қабатты тұр­ғын үйлер құрылысы іске асырылмақ. Аталған іс-шараларды іске асыру нә­тижесінде 2025 жылы облысы­мыз­дың жалпы өңірлік өнім көлемі 3,6 трлн теңгеге жетіп халықтың табысы мен еңбек өнімділігі 50 пайызға өсіп, 40 мыңнан аса жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Түркістан – жай қала емес, алыс-жақынға даңқы кеткен ежел­гі тарихи қаланың бірі. Ал қа­зіргі жағдайда ол уақытпен бірге қар­қынды қарыштап, тез дамып келе жат­қан заманауи шаһар. Демек, оның да­муы, белгілі бір дәрежеде еліміз да­муының драйвері етуге болады. Ен­ді алдағы ширек ғасырда Түркістан шаһары жарты миллион адам тұра­тын рухани және әлеуметтік-экономикалық жағынан дамыған саяхатшылар қызығатын үлкен мегаполистердің біріне айналмақ. Сондықтан, қаланы бар­лық жағынан кешенді дамытуға деген билік пен халықтың бірлескен ыстық ықыласының бүгіннен басталғаны қуантады.

Ескендір ЕРТАЙ.

 

Leave a reply