«КЕНТАУ-ТҮРКІСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0
165
Кентау қаласы мен Түркістан халықаралық әуежайы аралығында 26 шақырым жол пайдалануға берілді. Құрылыс жұмыстарын Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен мердігер мекеме «Корпорация Береке А» ЖШС жүргізді.
Аталған жол – Жамбыл облысы, Созақ ауданы, Кентау қалаларын облыс орталығы Түркістан қаласымен жалғайтын күре жол. Жобаға сәйкес жолдың 26 шақырым асфальт жабындысы толық төселген. Ұзындығы 100 метр көпір қайта жөндеуден өтіп, 4 жерде мал өткелі мен 27 жерде су өткізгіш құбырлар салынды. Жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 331 дана жарықшам орнатылған. Сондай-ақ, 6 аялдама және елді мекен атаулары, тиісті жол белгілері мен жол таңбалар сызылған.
Қазіргі таңда жолды пайдалануға берілгеннен бастап Түркістан қаласы мен Кентау қаласы арасындағы көлік кептелісі едәуір азайған.

Leave a reply