Saturday, November 23

САЛАУАТТЫЛЫҚ ПЕН РУХАНИ ЖЕТІЛУ ЕГІЗ

0
200

Салауаттылық пен рухани жетілу егіз дейді 78 жастағы қария. Кентау қаласында жасы ұлғайсада дене шынықтырумен айналысып келе жатқан қария бар.  Кеуде тас қойып, балғамен сындыртатын, маңдайымен  жаңғақ шағып жүрген  қарияның салауатты өмір салты бізді таңғалдырды. Оның мақсаты ­ –  қазақ жастарын спортқа баулып өссе,елдің ертеңі жарқын дейді. Таяуда салауатты өмір салтын ұстанған  Жеңіс Берікқара атамызбен сұқбаттасып қайтқан едік.

– Жеңіс ата, әлі күнге дейін спортпен шұғылданады екенсіз. Осы асыңызда күн сайын жаттығу жасау сізге қиындық туындырмай ма?

 –Жоқ, әрине. Күнде таңертең ерте тұрып, мұздай суға шомыламын. Күнделікті дене бұлшық еттерін қыздырып, пайдалы жаттығулармен айналысамын. Жасымда  шахтада он бір жыл істедім. Шахтада  қыстың күні асты жылы, жаздың күні салқын болады.  Сыртқа шыққаннан кейін адамға физикалық  жағынан ауыр болады. Тіпті кейбір адамдар вахталық ауысымнен кейін ауырып қалып жататын. Сол себепті,  соны көтере алмай қалмайын деген оймен спортпен айналыса бастадым. Сол кездері Нұрсұлтан Назарбаев салауатты өмір салтын айта бастады. Салауатты өмір салты дағдыма айналды десем де болады. Тренажер, шаңғы тебу,атқа мініп жүру т.б. Өзімді әбден шынықтырдым. Тән саулығымен қатар  жан саулығын, рухани байлықты екеуін қатар алып жүрейін деп зейнеткерлікке шығар алдында 45-46 жасымнан спортпен тұрақты шұғылдана бастадым. Жаттығу мен мұздай суға шомылу, шахтадан  шыққанда ауырмай,  аман жүрейін деген ниеттен туған еді. Менің өмірге құштарлығым зор. Өзімді жас жігіттей сезінемін.  Тек денешынықтырып, тәнді күтумен емес, рухани байлықпен сусындауды мақсат еттім. Рухани қазынаны Абайдан алдым. Тәнді, бойды күтуді,  мықтылықты, рухты  Махамбеттен алдым. Содан жазумен айналыстым. Санамда:  маған керек еркіндік Абай мен Махамбетте деген ой жаңғырды .

–Белгілі бір жастан кейін , дене қатаяды дейді. Сіздің шпагатқа отыра алуыңыздың құпиясымен бөлісе аласызба?

 –Ия, отыра аламын. Көзімнің көруі нашарласа да бұл жағынан ширақпын. Балаларды  рухани қазынаға жетелеу үшін Абайды, Мұқағалиды оқыту үшін оларды еліктіріп, таңғалдыруың керек. Соларды қызықтырайын деп шпагатты да көрсеттім,маңдаймен жаңғақ шағуды да көрсеттім.

–Осы уақытқа дейін спортпен шұғылданған кезіңізде жарақат алған жағдайлар болды ма?

 –Жоғарыда айттым ғой, балалар қызықсын деп, адамдар қызықсын деп жаңғақты маңдйамен шағып жүрмін деп. Әйтпесе,ол жақсылап қыссаң қолыңада сынады ғой. Бірақ басымды жерге тигізгеннен кейін жаңғақтың қаттылары болады екен соның сүйегі маңдайымды жырып кеткен жағдай болды. Басқа жерде жарақат алған жоқпын.

–Ата, бойыңызда тағы  қандай өнеріңіз бар?

 –   Ән айтамын. Онда да тек халық әндерін және ұлы композиторлардың әндерін орындаймын. Қазір ән қоржынымда 250 ән бар.Одан бөлек кітап жазып жүрмін. Бүгінге таңда “Аманат”, “Салауаткер”, “Қассақ” деген кітаптарым жарық көрді. Атаған 4 жинаққа менің өлеңдерім мен әңгімелерім енді.

–Үйіңізден “Денсаулық» отбасылық мұражайын ашқан екенсіз. Мұражай қорында  қандай заттар бар?

 –  Тән саулығы мен рухани жетілу – бұл адамның қос қанаты. Екеуі әрдайым бірге болуы керек. Сол мақсатта 2017 жылы үйімнен музей аштым. Мұражайда 1000-ға жуық көне жәдігерлер бар.  Мен үшін ішіндегі ең құнды жәдігер 2 ғасырдың жүзңн  көрген құман бар. Әкеден балаға мұра болып келе жатқан құнды жәдігер. Одан бөлек, өзім жазған «Аманат», «Салауаткер», «Қассақ» атты үш кітабым,  жинаққа енген әңгімелерім мен өлеңдерім орналасқан.

Сұқбатыңызға рахмет!

Сұқбаттасқан: А.ӘЙБЕШ, Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың 4 курс студенті. 

Leave a reply