Saturday, November 23

КЕНТАУДА МЕРГЕНДЕР САЙЫСЫ ӨТТІ

0
189
Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында «Спорт – жастарды біріктіреді» атты сайыс өтті. Қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен мергендер сайысына қаладағы 10-11-сынып оқушылары бақ сынады.
Дәстүрлі садақ ату сайысында «URKER» – мектебінің оқушылары 1-орынды иеленсе, 2-орынды Ащысай ауылы, №7 М.Горький мектебінің оқушылары, ал Шаш-төбе мектебі мен Махмуд Қашқари мектебінің оқушылары 3-орынды өзара бөлісті. Жарыста жеңімпаздар мен қатысушыларға марапаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Leave a reply