ТҮРКІСТАНДЫҚ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАР АКЦИЯҒА ҮЛЕС ҚОСУДА

0
129
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын. 5 аптаға созылатын бұл науқанның бірінші аптасы «Таза өлке» деп аталады.
Бүгін аталған акция аясында Түркістан жоғары медицина колледжі ұжымы мен студенттері С.Қожанов көшесінің бойында тазалық жұмыстарын жасады.
Сенбілікке қатысушылар тазалықтың жаршысы болған акцияның тағылымы мол екендігін жеткізді.
Тазалықты жанына серік еткен жастар шарада ағаш түптерін әктеп, 5 тоннаға жуық қоқыс жинады.
Табиғат – ол біздің ортақ байлы­ғымыз. Табиғаттың таза болуы, оның әдемі көрініске енуі біздің әрқай­сы­мыздың үйімізден, көшемізден бас­талады.
Тазалық-баршамызға ортақ!

Leave a reply