Шымкентте ұлттық қолөнершілер жәрмеңкесі өтті
«Халық мұрасы – халық қазынасы» қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесіне өңіріміздің қолөнер ісмерлері, білім ошақтары өз шәкірттерінің көрмесімен, қолдан шыққан дүниелерімен кәсібін дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер қатысты.
Жәрменке қолөнершілердің байқауына ұласып, көрмеге ат-салысқан шеберлер жұмыстарына арнайы әділ-қазылар алқасы бағасын берді. Әділ-қазылар алқасының төрайымы «Қызмет» газетінің бас редакторы, журналист Нарымбетова Бейсенкүл Жақсыбекқызы, Салт дәстүр орталығының бөлім басшысы Омар Мырзабай, филология магистрі Шермухамедова Эльмира және Күзембаев Бақыт.
Түрлі нақыштағы құрақ көрпелер, ағаштан тұтас ойылған бұйымдар, сан түрлі әшекейлер келушілердің көзайымына айналды. Көздің жауын алатын заттардың барлығы шымкенттік шеберлердің қолынан шыққан. 40 қа жуық қатысушылар өз өнімдерін ұсынып ғана қоймай өздері де бақ сынасты. Арнайы құрылған қазылар алқасы үздіктерді анықтап, шеберлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Нәтижеде 7 номинация бойынша үздіктер марапатталды
1. «Хас шебер» номинациясы – Ауелбеков Яқия Әлімбекұлы;
2. «Жігер» номинациясы – Рафиков Икрамжан Мұхамеджанұлы;
3. «Ұлы дала үні» номинациясы – Дүйсенбеков Талғат Махмиддинұлы;
4. «Жаңа есім» номинациясы – №78 жалпы білім беретін мектеп;
5. «Өмірге құштарлық» номинациясы – Пазылбекова Жанат;
6. «Заман үйлесімі» номинациясы – Қожан Айдана Талғатқызы;
7. «Ізденіс» номинациясы – Исабеков Қасиет Қойшыманұлы.