ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ӨЛКЕ» АПТАЛЫҒЫНДА 1 500-ГЕ ЖУЫҚ КӨШЕ ТАЗАРТЫЛДЫ
Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Апталықта Түркістан облысындағы 17 аудан-қала аумағындағы 140 шақырым өзен бойлары мен 1 500-ге жуық көше, үй аулалары тазартылды. Сондай-ақ, 275 саябақ пен скверлерде, 192 балалар мен спорт алаңшаларында тазалық жұмыстары атқарылып, нәтижесінде 1 120 тонна қоқыс шығарылған.
Атап айтар болсақ, Кентау қаласында 200 жас қаладағы демалыс аумақтары мен саябақтардың тазалық жұмыстарын жүргізіп, 30 тоннадан астам күл-қоқыс шығарған. Ал шардаралық жастар мен белсенділер қала аймағы мен суқойма бойынан 175 тонна қоқыс тазалап үлгерген.
Бұдан бөлек, тазалық жұмыстары Сарыағаш ауданында да жалғасын тапқан болатын. Ел Президентінің бастамасымен қолға алынған экоакция аясында өңір белсенділері 120 тонна қоқыс шығарған. Сонымен қатар, 15 ауылдық округте тазалық акциясын өткізген Түлкібас ауданы арық-атыздарды 30 тонна қоқыстан тазартқан. Игі шара Созақ ауданында да қолдау тапты. Ауданға қарасты аумақтан еріктілер 240 тоннаға жуық қоқыс шығарған. Сондай-ақ, 300-ге жуық адам қатысқан Отырар ауданындағы тазалық жұмыстары нәтижесінде 30 тонна күл-қоқыс тазартылған.