ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛЕРДЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАУ БАҒЫТЫНДА «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Отбасы құндылықтары қоғамның басты мәселесі саналады. Құрмет көрсету, сыйластық, өзара түсіністік сияқты құндылықтар отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Әрбір отбасы мүшесінің жеке тұлға ретінде мойындалуы, олардың пікірлері мен тілектеріне құрметпен қарау отбасы ішіндегі үйлесімділікті қамтамасыз етеді.
Сайрам ауданында отбасын қолдау, дамыту бағытында түрлі жұмыстар атқарылып жатыр. Яғни отбасының әл-ауқатын бағалау мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған 9 критерий негізінде автоматты түрде айқындалады. Нақтырақ айтқанда, отбасының әлеуметтік саламаттылығы, жұмыспен қамтылуы, кірістер және кредиттік міндеттемелері, ауыл шаруашылығы, жылжымалы мүлкі, әлеуметтік қорғалуы, денсаулық деңгейі, білім деңгейі, тұрғын үй жағдайлары есепке алынады.
Түркістан облысында отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның бірі «Мерейлі отбасы» байқауы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның жұмысы, отбасылық құндылықтарды дәріптеу шаралары және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар облыс тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және қоғамдағы отбасы институтын нығайтуға ықпал етуде.
Түркістан облысында жалпы 362 287 зейнеткер бар. Оның ішінде: 186 489 азамат жасына байланысты зейнетақы алушы болса, 175 198-і базалық зейнетақы алушы. Сонымен қатар, өңірдің 346 238 азаматы жәрдемақы алушылар қатарында. Бұл жайында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Бегман Нұрмаханов брифингте мәлімдеді.
Жалпы Сайрам ауданында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі көрсетілуде. Бұл шаралар арқылы көпбалалы, толық емес отбасылар мен мүгедектігі бар азаматтарға баспана мәселесі шешілуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы аудандық Аналар кеңесі ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпаққа тәрбие беру бағытында белсенді жұмыс атқаруда. Кеңес мүшелері түрлі жобалар арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттап, қоғамдағы рухани-адамгершілік ахуалды жақсартуға үлес қосуда. Сонымен, отбасын қолдау орталықтарының негізгі мақсаты — өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға көмек көрсету, оларды әлеуметтік бейімдеу және отбасылық құндылықтарды сақтау.
«Түркістан облысы елімізде көпбалалы отбасылар көптігінен көш бастап тұр. Бүгінгі таңда өңірде 120 549 көпбалалы отбасы жәрдемақы алады. Сондай-ақ, 64 354 көпбалалы анаға департамент жәрдемақы белгілеген. Бұдан бөлек, 75 262 облыс тұрғыны мүгедектігі бойынша жәрдемақы алса, 21 839 азамат асыраушысынан айрылу себебінен мемлекеттік жәрдемақы алады» — деді спикер.
Сонымен қатар, департамент басшысы медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу жұмыстарына тоқталды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың 1 қазан айындағы көрсеткіш бойынша облыста мүгедектігі бар адамдардың саны 100 029-ға жетіп, республикадағы жалпы мүгедектер санының 13,7%-н құрады. Мүгедектігі бар адамдардың 15 189-ы кәмелет жасына толмағандар болса, қалған 84 840-і 18 жастан асқан облыс тұрғындары.
Жыл басынан бері департамент тарапынан мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша барлығы 196 тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру қорытындысымен 51 нұсқама беріліп, жалпы 160 нысанға 34 млн. 187 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. Оның 33 млн. 228 мың теңгесі өндірілген. Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде 2024-2025 жылдары Түркістан облысының барлық аудан және қалаларында «Отбасын қолдау орталықтары» ашылды. Қазіргі таңда өңірде 17 орталық жұмыс істеп тұр.
Орталықтардың қызметін жетілдіру, материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша мәжіліс өтті. Нәтижесінде, орталықтарды жеке ғимаратпен қамту, материалдық-техникалық базасын жасақтау, интернетке қолжетімділігін арттыра отырып, штаттық құрылымдарын ең төменгі штаттық нормативтерге сәйкестендіру, өмірлік қиын жағдайдағы отбасылармен тікелей байланыста болатын мамандардың біліктілігін жетілдіру қажеттілігі анықталды.
Түркістан облысында жалпы 507 мыңнан астам отбасы бар. Оның ішінде Д және Е санатында 127 мыңнан астамы немесе 25,1% тіркелген. Олардың саны жыл басынан бері 19 мыңнан астам отбасына не 13,4%-ға төмендеген. Ақпараттық жүйе арқылы азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін айқындауға болады. Өңірдегі мобильдік топ арқылы мұндай отбасыларға қатысты деректерді өзектендіру бойынша методикалық көмек көрсетілді. Сондай-ақ биыл қиын жағдайға тап болған тұрғындардың ахуалы мен әлеуметтік мәселесін ерте анықтау үшін FSM Social мобильді қосымшасы іске қосылды. Қазіргі таңда орталықтарды тіркеу жұмыстары жалғасуда.
Айта кетейік, орталықтардың негізгі функциясы – отбасы саясатын жүзеге асыру, неке мен отбасын сақтау,тұрмыстық, гендерлік зорлық-зомбылықтардың алдын алу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.













