ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЙЕЛІ ЖОЛҒА ҚОЙЫЛҒАН

0
38

Түркістан облысында отбасын қолдау, нығайту бағытында ауқымды жобалар мен облыстық деңгейдегі сайыстар ұйымдастырылуда. Соның бірі «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы — облыстық деңгейдегі жоба. Түркістан қаласында «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Бұл байқау 12 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына жиі тоқталып келеді. «Мерейлі отбасы» байқауы – тек үздік отбасыларды анықтайтын жарыс қана емес, бұл – отбасы құндылықтарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық тәрбиеге үлкен үлес қосып жүрген отбасылардың еңбегін елге танытатын үлкен алаң. Түркістан облысы 500 мыңнан аса отбасы қоныстанған өңір ретінде демографиялық өсімі ең жоғары аймақ болып есептеледі. Осы отбасылардың ұйытқысына айналған 187 мыңнан аса көпбалалы ана бар. Жалпы конкурсқа 198 отбасы өтінім берген. Аудан, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 27 отбасы жеңімпаз атанды. Ал, бүгін облыс бойынша үздік деп танылып, жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 3 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарып отыр. Аталған жоба қоғамда отбасы институтының рөлін нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өз ісінде өнеге болған, үлгілі отбасыларды насихаттау мақсатында өткізілуде.

Түркістан облысында 2015 жылдан бері ҚР деңгейінде ұйымдастырылып келе жатқан «Мерейлі отбасы» конкурсы өткізіледі. Байқаудың мақсаты — отбасылық өнегелі құндылықтарды жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін насихаттау және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру екені анық. Жалпы аталған орталықтар Отырар, Жетісай, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Келес аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан ашылған. Онда аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған аналарға психологиялық қолдау, құқықтық көмек көрсетіледі. Оған қоса «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» секторлары арқылы азаматтарға психологиялық сүйемелдеу, кеңес беру, бағдарлау қызметтері көрсетіліп келеді. Жыл басынан бері аталған бағытта 348 арнайы іс-шара ұйымдастырылып, жалпы саны 2 658 адам қызметтермен қамтылған. Оның ішінде 565 адам тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі бойынша жүгінген.

Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторлары арқылы анықталған тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге үкіметтік емес ұйымдар қызмет көрсетеді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық белгілері бар адамдарға «Отбасын қолдау орталықтарында» бір айға дейінгі мерзімге уақытша тұру мүмкіндігі беріледі. Орталық некені және отбасыны сақтау, отбасылық жанжалдардың алдын алу шаралары бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ әйелдерге ақпараттық, заңгерлік, психологиялық қолдау, жұмысқа орналасуға, кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға көмек көрсету, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға жәрдемдесу, мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері бойынша кеңестер беру шаралары ұсынылады.

Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық зомбылықты алдын алуға отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, жанұяның беріктігін сақтауға, ажырасудың алдын алу мақсатында облыста кәсіби мамандармен 565 психо–профилактикалық жұмыстар (психологиялық, заңгерлік кеңестер және әлеуметтік, тұрмыстық, медициналық қызметтер) жүргізіліп жатыр. Облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдары, полиция және үкіметтік емес ұйымдарымен бірлесіп, әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу, жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты, әлімжеттікті профилатикалау, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтықты нығайту, татулыққа, бірлікке шақыру және отбасы құндылықтарын дәріптеу мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Тұрмыс», «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шаралары мен «Зорлық-зомбылықсыз отбасы», «Отбасыдағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» және «Отбасындағы бейбітшілік», «Жасөспірімдердің қылмыстық жауаптылығы», «Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан», «Біз бақытты баламыз!» «Жанұям менің мақтанышым», «КелінLIFE», «Менің отбасым», «Әкең қамқоршың, анаң ақылшың» және тақырыптарында  семинар-тренингтер өткізілуде. аудан, қала бойынша  жас отбасылардың санасына отбасылық құндылықтардың маңыздылығын сіңіру, жанұяның беріктігін сақтау, ажырасу, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін алдын-алу мақсатында «Шаңырақ» жобасы аясында семинар-тренинг және жас отбасылар арасында отбасы күніне орай жастарды салт -дәстүрге, отбасындағы құндылықты дамытуға  толыққанды тұлғалық және дамуына, өзін- өзі тəрбиелеуге жəне өзін  дамыту қабілеттерін қалыптастыру мақсатында «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастыру жоспарланған.

Leave a reply