ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ВЕТЕРИНАРЛАРЫ БҚО-ДАҒЫ СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ЖҰМЫСТАРҒА АТСАЛЫСЫП ЖАТЫР

0
91

Еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде қарғын су салдарынан күрделі ахуал қалыптасып отыр. Су басқан аймақтарға Түркістан облысы тарапынан да қолдау көрсетілуде.
Өңірлерінде апатты жағдайлардың туындауына байланысты, көмек ретінде Түркістан облысының ветеринария басқармасына қарасты “Ветеринариялық қызметі” ШЖҚ МКК тарапынан 5 техника мен 5 маман жолданып, өз жұмыстарын атқарып жатыр. Олар гуманитарлық көмектерді жеткізу, түсіруге көмектесіп, Оралдағы орталық штабта еңбек етуде.
Айта кетейік, Түркістан облысынан су басқан аймақтарға 150-ден астам құтқарушы, 100-ден аса техника, 700 тоннадай гуманитарлық көмек жолдады. Еріктілерді жіберіп, тиісті қолдау көрсетіп жатыр.

Leave a reply