Четверг, 19 сентября

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛЕР — ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ДРАЙВЕРІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА БІРҚАТАР ЖҰМЫСТАР ЖОЛҒА ҚОЙЫЛДЫ

0
19

«Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай халықты 100 пайызы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Бұл меже – мемлекет басшысының сайлау алды бағдарламасы аясында жүзеге асады. Қуатты аймақтар мен дамыған инфрақұрылым қалыптастыру ісі біртіндеп жүзеге асып жатыр.

Биыл Түркістан облысы бойынша жол жөндеу жұмыстарына 41 млрд теңге бөлінген. Оған 1521 шақырым жол төселіп, 587 нысан салу жоспарланған болатын. Адамдар үлкен қалада да, шағын ауылда да жайлы өмір сүруі керек. Түркістан облысында әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша аудан, қалалардың 2024 жылдың І тоқсанындағы рейтингі шығарылды. Бұл ретте түрлі саладағы индикаторлар есептеліп, қорытындысы баяндалды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды көш соңында қалған аудан, қала әкімдеріне ескерту жасап, жұмысты үйлестіруді, жандандыруды тапсырды.

Жалпы қаланы суландыру, газдандыру мәсе­ле­сі шешімін тапқан. Жасыл алқап аумағы ұлғайып, қаланың экологиясы да жақса­рып келеді. Туристер саны артып, респуб­ли­калық, халықаралық деңгейдегі бас­қосулар жиі өтіп жатыр.

Жалпы Түркістан облысы құрылған 2018 жылмен салыстырғанда осы төрт жыл­да облыстың әлеуметтік-экономика­лық дамуының оң үрдісі айқын аңғарылды. Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім көлемі 1,6 есе артып, 2,8 трлн теңгеге жетті. Өнер­кәсіп өнім көлемі 1,6 есеге артып, 707,8 млрд теңгеге жетсе, ауыл шаруашылығы өнімі 1,7 есеге артып, 906,5 млрд теңгені құрады. 823,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2018 жылмен салыс­тырғанда ол 2,1 есеге өсті. Облыс бюдже­тінің көлемі 1,7 есеге артып, 970,3 млрд теңге болды. Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбектің айтуынша, 2024 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі салаларында оң динамика сақталды. Жалпы рейтингте 37 индикатор жоспарланған.

Өнеркәсіп өнім көлемін есепті кезеңде 226,1 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, ол 274,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 107,1% деңгейінде орындалды. Жоспарға қол жеткізілді. Өңдеу өнеркәсібі өнімінің есепті кезеңде 103,3 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, нақты 122,5 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 114,8% деңгейінде жүзеге асқан. Ауыл шаруашылығында өнім көлемін122,5 млрд. теңгеге жеткізу жоспарланса, нақты 128,8 млрд. теңгені құрап, артығымен орындалған. Негізгі капиталға бағытталған инвестицияның І тоқсандағы межесі 105,5 млрд. теңге болса, нақты 132,3 млрд. теңгені тартылып, артығымен атқарылған.

Leave a reply