ОҚУШЫЛАРМЕН БУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

0
38

Қоғамда буллинг шамадан тыс даралану, бәсекелестіктің өсуі, күнделікті өмірдегі әлеуметтік шиеленіс, өзара жанжалды қарым-қатынасқа байланысты анықталады. Аталған тенденциялар білім беру жүйесінде де жиі кездеседі. Қазір Қазақстан мектептерінде жасөспірімдер арасында болып жатқан қорқыту мен зорлық-зомбылықтар педагогтер мен ата-аналар, құқық қорғау органдарын алаңдатуымен қатар,  депутаттар арасында айтылып, дабыл қағу басталды. Осыған орай жергілікті жерлерде оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары қолға алынып отыр.

Сайрам ауданының «Отбасын қолдау орталығы» мамандары да күн сайын аудандағы мектептерге барып, зорлық-зомбылықтың алдын алу, буллингке жол бермеу, ерте жүктілікті болдырмау бойынша ашық кездесу өткізуде.

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен кездесу барысында мамандар оқушылармен талқылау өткізіп, жасөспірімдерге өз құқықтарын қорғау жолдарын, өзара құрмет пен жауапкершіліктің маңызын түсіндірді.

Мұндай кездесулер – жастардың өмірлік ұстанымын қалыптастырып, қауіпсіз орта құруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Мамандар тарапынан мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қатысты жәбірлеу (буллинг) белгілері  анықталған жағдайда жасырып қалуға тырыспай, дереу көңіл бөліп, шара қолдану керектігі ұсынылды.  Сондай-ақ «Буллинг және кибербуллингтің» алдын алу мақсатында мектептегі сынып сағаттарында балалармен сырласу сағатын өткізу қажеттігі де айтылды.

Бұдан бөлек, мамандар жасөспірім қыздар арасында «Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? Ерте жүктілік немен қауіпті?, — деген сауал төңірегінде ой қозғап, 8-11 сынып қыздарымен пікір алмасты.

Leave a reply