ОҢ ШЕШІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР: ХАЛЫҚ ҮНІ – НАҚТЫ ІСПЕН

0
77

Елдегі әрбір азаматтың арыз-өтінішін дер кезінде тыңдап, шешімін табуға ықпал ету – «AMANAT» партиясының басты қағидаты. Қоғамдық қабылдау бөлмелері осы мақсатқа қызмет етіп, халықтың сеніміне ие болып келеді. Соңғы уақытта Шымкент қаласында бірнеше мәселе көтеріліп, қысқа мерзімде оң шешімін тапты.

Қаратау аудандық филиалдың қоғамдық қабылдау бөлмесіне Тұран тұрғын алабынан келген жеті баланың анасы күнкөріс деңгейінің төмендігін айтып, мектепке баратын балаларға қажетті құрал-жабдықтар сұрады.

Партия мамандары өтінішті назарға алып, нақты шара қабылдады. Нәтижесінде «AMANAT» партиясының Қаратау аудандық филиалының төрағасы Бауыржан Кеңесұлы отбасының мектепке баратын төрт баласына сөмке мен оқу құралдарын алып берді.

Бұл қадам көпбалалы ананың жағдайын жеңілдетіп қана қоймай, балалардың жаңа оқу жылын алаңсыз бастауына мүмкіндік берді. Мұндай игі істер – партияның әлеуметтік жауапкершілікті іс жүзінде дәлелдеп отырғанының айқын көрінісі.

Самал-1 шағын ауданының тұрғындары да қоғамдық қабылдауға келіп, К.Мейірбеков көшесі №747 мекенжайында ашық тұрған кәріз құдықтары адам өміріне қауіп төндіріп тұрғанын жеткізді. Бұл мәселе әсіресе балалардың және қарттардың өміріне тікелей қатерлі еді.

Өтініш негізінде аудандық филиалдың атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы мәселені жедел түрде аудан әкімдігіне жолдады. Нәтижесінде Тұран КММ мамандары аталған мекенжайға барып, ашық тұрған құдықтарды жауып, кемшілікті толық ретке келтірді.

Осылайша тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, партия халық талабына сай нақты әрекет жасағанын көрсетті.

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдаулары – халық пен билік арасындағы сенімді көпірге айналып отыр. Әлеуметтік көмек көрсетуден бастап, тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты мәселелерге дейін партия назарынан тыс қалмайды.

Мәселе көтерілген сәттен бастап, оның орындалуын қадағалау жүйесі нақты жолға қойылған. Көптеген түйткіл сол жерде шешілсе, күрделі мәселелер арнайы хаттамаға енгізіліп, бақылауда ұсталады.

Бұл тәжірибе халықтың үнін естіп қана қоймай, оны нақты іспен жүзеге асырудың, яғни халық үніне құлақ асатын мемлекеттің айқын дәлелі болып отыр.

Leave a reply