ТҮРКІСТАНДА «ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ АЯСЫНДА КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

0
114

Ел көлемінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен басталған республикалық экологиялық акция бес атаулы апталыққа бөлінген-ді. Әр апталықта барлық өңір тұрғындары мен қызметкерлері табиғатқа қамқорлық шараларын өткізіп, экологияның жақсаруына атсалысып келеді.
Бүгін киелі мекенде «Жасыл аймақ» бойынша аулаларды абаттандыру, көшет отырғызып, көгалды аймақ көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар басталып кетті. Облыс орталығында көгалдандыру жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Шаһардың жасыл аймағын ұлғайту мақсатында көктем мезгілінде 104 300 дана ағаш егілген. Олар: терек, емен, ива, үйеңкі, катальпа, можжевельник, кіші жапырақты қарағаш, өрік, аморфа сынды ағаш түрлері.
Одан бөлек, орталықтағы сквер, саябақ, аллеяларда 200 мың дана көпжылдық, біржылдық гүл түрлері отырғызылды. Аталған жұмыстарға 300-ге жуық маман мен 34 техника жұмылдырылған.
Өткен жылғы көрсеткіш бойынша, шаһар аумағында көктем мезгілінде эустома, тәжігүл, шафран, шалфей, циннея, гейхера, гортензия, раушан, микс сынды жалпы 34 036 дана гүл егілген. Ал күз мезгілінде раушан гүл, хризантема, гортензия, қызғалдақ сынды жалпы саны 94 000 дана гүл егілген болатын.
Бүгінде облыс орталығында республикалық акцияға үлес қосуға ниетті мекемелер, секторлар көпжылдық және біржылдық гүл көшеттерін егуді жоспарлап отыр.

Leave a reply