«Жүрегімде де, көлігімде де көк ту желбіреп тұр»

0
102

Бауыржан ЕРМАН,
«Оңтүстік Қазақстан».

Байқасаңыздар, соңғы бірнеше жыл көлемінде халықтың мемлекеттік рәміздерге деген құрметі бұрынғыға қарағанда анағұрлым жақсарған. Мұны кей адамдардың Әнұранды ерекше тебіреніспен шырқауынан, Елтаңба мен Ту бейнеленген киімдерді киіп жүруінен, көк байрақты үйдің терезесіне немесе төріне іліп қоюынан аңғарып жатамыз. Ал, Сауран ауданы, Шорнақ ауылының тұрғыны Ақылбек Ертайұлы автокөлігіне әрдайым мемлекеттік туды іліп жүреді.

Алпысты алқымдаған Ақылбек ағамыз бұрындары саудамен айналысып, өндіріс саласында түрлі қызметтер атқарған. Ал, қазір Сауран мен Түркістан арасында жолаушы тасып, отбасын асырап отыр. Бұл кәсіпке бет бұрғанына бес жылдың жүзі болған.
– Көлігімде көк туымыздың тұрғаны мен үшін бақыт әрі мақтаныш. Жолаушы жерлестеріміз бен шетелдік қонақтар да байрағымызды көргенде өзгеше сезімге бөленеді деп ойлаймын. Себебі, қазақтың аспан түстес, шуағын шашқан күн мен қайратты қыран бейнеленіп, әсем ою бедерленген туы ұлттық рухтың қайнар көзі. Сондықтан «Елім! Жерім! Отаным!» деген әрбір азаматтың жүрегінде де, көлігінде де көк ту желбіреп тұруы керек, – дейді Ақылбек Ертайұлы.

Leave a reply