«ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ»: ТҮРКІСТАНДА САЙРАМ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ӨТТІ

0
50

Биыл Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Осыған орай өңірде «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі өз жалғасын тауып отыр.

Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атануына орай «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі басталды. Этноауылда ашылу салтанаты өтіп, көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды

Аудан-қалалардың өнер ұжымдары алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, кезекпен келіп, өнерлерін көрсетеді. Алғаш болып фестиваль шымылдығын Сайрам ауданының көркемөнерпаздары ашты. Этноауылда суретшілер мен қолөнер шеберлерінің және ауданның жетістіктері туралы көрмелер ұйымдастырылды. Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа байланысты көріністер сахналанды. Содан соң дәстүрлі және халық әндері шырқалды.

Ал аптаның сенбі күні «Керуен сарай» туристік кешені аумағында гала-концерт өткізу жоспарланған. Осыған орай сайрамдық өнерпаздар әуезді ән мен би билеп, Түркістан кешін көңілді етті. Атап айтқанда, Нұршат Мұсырманқұл, Асқар Нұрсұлтан, Жастар квинтеті, № 1 Сайрам балалар саз мектебінің «Жетігеншілер» триосы, Аяла Айдарқызы, Сәбден Байбөрі, Еркеназ Ерғазықы, Айжан Сапарханқызы «Ақсу әуендері» ВИА-ның және «Ғунча» халық ансамблінің сүйемелдеуінде әсем ән шырқап, Үлгілі «Самұрық», «Айназ», «Айгөлек» би топтары көпшілік көңілінен шыға білді.

Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтетін фестивальдің басты мақсаты – мәдениет пен өнерімізді дамыту және жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеп, Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға бағытталып отыр.

Айта кетейік, фестиваль қорытындысы бойынша үздік деп танылған көркемөнерпаз ұжымдары және әншілердің қатысуымен Гала-концерт ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталады. Маусым-қыркүйек айлары аралығында Түркістан қаласында әр аптаның жұма, сенбі күндері өтеді.

Аудан-қалалардың өнер ұжымдары алдын ала бекітілген кестеге сәйкес, кезекпен келіп, өнерлерін көрсетеді. Облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық мәдениет және туризм басқармасының ұйымдастыруымен өтетін фестивальдің басты мақсаты – мәдениет пен өнерімізді дамыту және жастар арасында ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды дәріптеп, Түркістанның туристік әлеуетін арттыруға бағытталып отыр.

Leave a reply