САЙРАМДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

0
78

Сайрамда «Ауыл – Ел бесігі» арнайы бағдарламасы аясында игі істер атқарылуда. Аталған бағдарлама ауылдардағы тұрмыс-тіршілікті жақсартуға бағытталған. Сонымен қатар шалғай ауылдарды да аудан стандартына сай әрі модернизацияға лайық етіп, жаңа бір деңгейге көтеру мақсатын көздейді.

Аудан әкімі Арман Сәбитов ауданға қарасты Қарасу ауылына арнайы барып, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс барысын бақылады. Аталған нысанның құрылысына бюджеттен қажетті қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме «НурТехСервис» ЖШС тарапынан нысанның сыртқы әрлеу және электр желілері мен жылу жүйелерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Аралау барысында аудан басшысы атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдеріне сын ескертпелер айтты. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, маусым айында толық пайдалануға берілуін тапсырды.

Жалпы бұл бағытта ауылдарда сапалы жолдар мен мәдениет, спорт және денсаулық сақтау объектілері, мектептер міндетті түрде болуы тиіс, сондай-ақ ауыл инфрақұрылымын дамытуға баса мән беріледі. 2027 жылға қарай ауылдық елді мекендерде судың сапасы мен жолдардың жағдайы жақсарады, инженерлік желілер жөнделіп, әлеуметтік, мәдениет және спорт объектілері салынады» ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту бойынша «Ауыл – Ел бесігі» республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар екенін, онда 7,8 млн адам тұрады деп күтілуде.

Олардың ішінен даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл іріктелді (барлық ауыл тұрғындарының 90%-ы). Оларды жаңғырту «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында басым тәртіппен жүзеге асырылады. Мәселен, 2019-2022 жылдары 326 млрд теңгеге 3,7 мың жоба іске асырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы 334 объектіні, 1,2 мың әлеуметтік инфрақұрылым объектісін (білім беру, денсаулық сақтау, спорт) және 2 мыңнан астам көлік инфрақұрылымы объектісін (ауыл ішіндегі жолдар) салуға және жөндеуге мүмкіндік берді.

Биыл 736 ауылда 143 млрд теңгеге тағы 1,5 мың жобаны іске асыру жоспарланған: 119 жоба ТКШ саласында, 275 жоба әлеуметтік инфрақұрылым бөлігінде, сондай-ақ 1,1 мың жоба ауыл ішіндегі жолдардың жағдайын жақсарту бойынша іске асырылмақ.

Leave a reply