ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТЕ ШЫҒАРЫЛҒАН АЛКОГОЛЬСІЗ СУСЫНДАР РЕСЕЙГЕ ЭКСПОРТТАЛУДА

0
86

Өңірде өндірістік кәсіпкерлік жұмыстары жүйелі жолға қойылған. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданына жұмыс сапары барысында бірқатар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралады. Оларды дамыту жолдарын бірге қарастырды.

«Мерген-Н» ЖШС-нің минералды су, алкоголсіз сусындар шығаратын зауытының жұмысымен танысу барысында да өңір басшысы мемлекетті дамытудағы негізгі қозғаушы күш кәсіпкерлік екеніне тоқталды. Жауаптыларға инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу, кәсіпкерлерге қолдау көрсету жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

– Біз жергілікті өндірісті дамытып, экспортты ұлғайтсақ қана өңір бюджеті толығады. Осы бағытта жұмысты күшейту керек, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, бүгінде «Мерген-Н» ЖШС-нің өнімдері елімізбен қатар Ресейге де экспортталып жатыр. Жобалық қуаттылығы – сағатына 2,5 мың дана. 2002 жылы іске қосылған зауытта 35 адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар келестік кәсіпкер қытай сапарынан соң цех ашқан. Биыл наурыз айында іске қосылған өндіріс орнында 14 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы 120 мың теңге көлемінде. Кәсіпкер өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасымен Қытай Халық Республикасына аудан әкімімен барып, 16 тігін машинасы мен 1 дана көрпе тігетін станок сатып алған. Кәсіпкер өз қаржысы есебінен, сонымен қатар қосымша «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында қаражат алып кәсібін дөңгелетіп отыр. Негізінен қыз жасауы, ұлттық нақыштағы көрпе-төсек, құрақ, ұлттық киімдер шығарады.

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Келес ауданынан арнайы барды. Облыс басшысы бірқатар кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы нысандарын аралап, оларды дамыту жолдарын қарастырды.
Абай ауылындағы «Домалақ ана» тігін цехында болған өңір басшысы цех жұмысымен танысты.

Бизнесті дамытып, қосымша жұмыс орындарын ашу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмек. Тігін цехына 50 тігін машинасын сатып алынатын болды. Сондай-ақ «Күміс жас» жобасымен тігіншілер жұмысқа алынады. Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз адамдар зейнеткерлік жасқа толғанға дейін қатыса алады.

Кәсіпорын негізінен Түркістан облысының нарығына өткізеді. Жобаның жалпы құны 408 млн теңге.

Leave a reply