Saturday, November 23

КЕЛЕС: ҚОШҚАРАТА АУЫЛЫНДА ҚҰНЫ 1 МЛРД ТЕҢГЕНІ ҚҰРАЙТЫН 10 ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

0
114

Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіне қарасты 13 елді мекен бар. Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығымен айналысады. Ауылдық округ көлемінде орта және кіші кәсіпкерлікті өркендету мақсатында құны 1 млрд.теңгені құрайтын 10 жоба іске асыру үшін тиісті жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде аталған 10 жоба қолданысқа тапсырылу аясында. Бұл жобалар толығымен іске қосылғаннан кейін 50 адамға арналған тұрақты жұмыс орындары ашылады. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Қошқарата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде атап өтті.

Жалпы өңір көлемінде түрлі инвестициялық жобалар мақұлданып, бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Осыған дейін облыс әкімі өткізген мәжілістерде елді мекендерді жаңғыртуға бағытталған жобаларды көптеп іске асыру керектігін айтқан болатын.

-Өңірімізде индустриалды аймақтарды кеңейту жоспарымызда бар. Әр аудан, қала әкімдері инвестициялық штаб отырысында осы бағыттағы жұмыстар бойынша есеп беріп отырады. Инвестициялар тартудың қолайлы экожүйесін құру үшін бізде Инвестиция және экспорт басқармасы, сондай-ақ «TURKISTAN INVEST» инвестициялар тарту және экспортты дамыту агенттігі жұмыс істейді. Сонымен қатар инвесторларға индустриалдық аймақтар мен «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағы аумақтарында «Greenfield» және «Brownfield» өнеркәсіптік алаңдары ұсынылады. Еркін пікір алмасып, мәселелерді талқылап, мемлекеттік қолдауды көрсетеміз, – деді Дархан Сатыбалды.

Аудан басшысы Жәнібек Есенұлы аудан аумағындағы ауылдық округтерін аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуде. Кезекті басқосу Қошқарата ауылдық округінде өтті. Онда аудан әкімі өткен жылы Қошқарата ауылдық округінде атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлармен бөлісті.
Биыл Қошқарата ауылдық округінде кәсіпкерлік нысандардың қатары артады. Атап айтқанда Қошқарата елді мекенінен құс фермасы салынса, Бесқұбыр ауылынан құны 200 млн теңгені құрайтын қонақ үй құрылысы жүреді. Сонымен қатар ешкі фермасы, жиһаз, пластик есік терезе жасау цехы мен мал бордақылау алаңы жеке кәсіпкер есебінен жүзеге асырылмақ.

Ауылдық округі аумағын инженерлік коммуникация жүйелерімен қамту мақсатында 11 елді мекеннің электр желілері мен бағаналары толық ауыстырылып, жаңартылды. Сонымен қатар, өткен жылы «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында, Бәйтерек елді мекеніндегі Жеңіс және М.Алтыбаев көшелері орта жөндеуден өткізілсе, Қарабура елді мекеніндегі Б.Момышұлы көшесіне және Мақташы елді мекеніндегі И.Есенберлин көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.

Leave a reply