ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК АЛПАМЫС БАТЫР ШАРУАЛАРЫ ЖҮЗІМ ӨСІРУДІ ҚОЛҒА АЛҒАН

0
68

Өңір тұрғындарының басым көпшілігі ауылшаруашылық, диханшылық саласына ден қойған. Сондай-ақ аталған бағытта қарқынды жұмыстар жүргізіліп келеді. Келес ауданында баубақша дақылдарын өсіруге ден қойған шаруалар қатары артуда. Өткен жылы шаруалар көкөніс, картоп, бақша дақылдарынан 523,0 мың тонна өнім алды. Бұл көрсеткіш тиісті кезеңмен салыстырғанда 79,6 мың тоннаға артқан. Сол қатарда жүзім шаруашылығын дамыту жоспарына сәйкес 15,6 га алқапқа жүзім көшеттері отырғызылды. Аталған шаруашылықты Алпамыс батыр ауылдық округінің диқандары да дамытуды жоспарлап отыр. Нақтырақ тоқталсақ, ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауылдық округі аумағынан 60 гектар жерге шаруалар жүзім егу жоспарланған. Жоспарды жүзеге асыру мақсатында «Ер-Тайыр» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, құжаттары жинақталды. Бұл туралы Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде айтылды.

Аудан басшысы Алпамыс батыр ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуінде өткен жылы Ақжол және Қауыншы ауылдарында жүзеге асқан жобаларға тоқталып, биылғы жоспарды баяндады. Ауылдық округте 2 өнім алу тәсілімен 753 гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілген. Егіс алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша осы жылы жалпы 38 шақырымды яғни, 24 қашыртқыларды ағымдағы және механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу үшін сметалық құжаттары дайындалған. Сонымен қатар, №18 С.Қожанов жалпы орта мектебіне бала санының көп болуына байланысты қосымша ғимарат салу жұмыстары жүргізілуде. Нысан осы жылдың мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Ақжол және Қауыншы елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылы басталған. Ауыл ішіндегі су құбырларын және құдықшаларын орнату жұмыстары жүргізіліп, екінші деңгейлі насостық қондырғылар орнатылған. Кейіннен жер асты суының көлемі аздығы анықталып, қазіргі таңда мердігер Біртілек ауылдық округі, Керегетас елді мекені аумағынан 200 метр тереңдіктен жер асты суын қазып шығарды. Ақжол елді мекенінде орналасқан ұңғымаға дейін 3,8 шақырымға құбыр тарту жұмыстары жүргізілуде.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжол елді мекенінің Жеңіс, Мерей, Ш.Қалдаяқов, С.Сейфуллин, Жастар және Бейбітшілік көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары өткен жылы жүргізіліп, орта жөндеуден өтті. Ал, қалған Жаңақұрылыс, М.Әуезов, Керегетас, О.Жандосов көшелеріне тас шағал төсеу жұмыстары жүргізілген, асфальт төсеу жұмыстары ағымдағы жылы мамыр айының соңына дейін аятау жоспарлануда. Сонымен қатар, осы жылы Қауыншы елді мекеннің Мұғалімдер, Мұсабек батыр, Ш.Уалиханов, Көктің ұлы көшелеріне шағал тас төсеу жұмыстары жоспарға қойылған.

Leave a reply