БӘЙДІБЕКТЕ «КӘСІБІМ МЕНІҢ ЖЕМІСІМ» АТТЫ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

0
80

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен, Бәйдібек ауданында «Кәсіптік бағдар беру» жобасы аясында «Кәсібім менің жемісім» атты тақырыбында жастарды кәсіпкерлікке ынталандыруға бағыттау мақсатында семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингтің мақсаты – жастарды ірі кәсіпорындармен таныстыру арқылы несие, грант алу және бизнес ашуға бағыттау. Түрлі кәсіптің қыр-сырын үйретіп, нарықтық қатынастардың тиімділігін түсіндіру. Жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.
Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін тамаша мүмкіндік. Себебі, мұнда:
– “Жастарға арналған 2,5 % несие”
– “Бизнестің жол картасы-2025”
– “Бастау бизнес” жобасы жөнінде ақпараттармен бөлісті.

Шараға қатысушылар алдымен жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат алып, семинар-тренингтен өтті. Атап айтқанда, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар өте көп. Түрлі жеңілдетілген несие сонымен қатар гранттар бойынша түрлі бағдарламалар бар. Осы бағдарламаларға жастар көптеп қатысып ел экономикасының дамуына үлес қосу керек.

Семинар-тренинг бағдарламасында облысымыздағы маңызды кәсіпорындарға экскурсия жасалатын болады. Өңірімізге белгілі кәсіпкерлер өздерінің аудан, қалаларында кәсіптерімен таныстырып, жетістіктері жайында айтатын болады. Егер де сізде өз кәсібіңізді ашып миллионер атанғыңыз келсе, өз аудан, қалаңызда өтетін семинар-тренигке, экскурсияға қатыса аласыз. Шара соңында, жастарға арнайы сертификаттар берілді.

Бүгінде жастарға беріліп жатқан мемлекеттік бағдарламалар қатары артқан. Өз кәсібін ашып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Оған дәлел, мұнда «Жастарға арналған 2,5 % несие», «Бизнестің жол картасы – 2025», «Бастау бизнес» жобасы жөнінде мәліметтер беріліп, жастарды толғандырған сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Сондай-ақ кәсіп иелері, жастарға өзі қызығатын кәсіп ашуға, жастарды жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді.

Айта кетейік, жастарды кәсіпкерлікке баулитын экскурсиялық бағыттағы семинар, 20 мамыр мен 14 маусым аралығында облысқа қарасты 17 аудан, қалада жалғасады деп жоспарлануда.

Leave a reply