ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
18

Құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадамдардың бірі – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды білу мен сыйлауға тәрбиелеу. Осы орайда Қазығұрт ауданында тұрғындардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және көтеру мақсатында ауқымды шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Мұндағы мақсат – құқықтық санасы жоғары, жауапкершілікті қоғам қалыптастыру.

Қазығұрт ауданында жастардың құқықтық біліміне баса назар аударылуда. Яғни қазіргі қоғам жастарының құқықтық сауаттылығы мен заң алдындағы жауапкершілігін арттыру күн тәртібіндегі маңызды мәселеге айналған. Аудан аумағында бұл бағытта жоспарлы әрі кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аудандық әкімдік құқық қорғау органдары білім беру мекемелері және қоғамдық ұйымдардың бірлесуімен жастардың құқықтық тәрбиесін жетілдіру мақсатында түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіп келеді.

Жыл басынан бері аудан көлемінде оқушылар мен студенттер арасында құқықтық білім беру бағытында семинарлар кездесулер ашық сабақтар дөңгелек үстелдер және байқаулар ұйымдастырылды. Бұл шаралардың басты мақсаты жастарға құқық пен міндетті түсіндіру олардың заң алдындағы жауапкершілігін күшейту сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстар қолға алынады.

Жалпы аудан әкімдігі, аудандық прокуратура, полиция бөлімі, білім беру және дін істері бөлімдері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен ардагерлер кеңесі бірлесіп, тұрғындармен жұмыс жүргізудің жаңа формаларын енгізуде. Жобаның негізгі мақсаты – азаматтардың: заң алдындағы жауапкершілік сезімін арттыру; құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді қатысуы; өз құқығы мен міндетін нақты білуі мен дұрыс қолдана білуі мәселелері басты назарда. Атап айтқанда мектептерде және колледждерде Мен және заң Құқықтық мемлекет – болашағымыз Жасөспірім және жауапкершілік тақырыптарында құқықтық сағаттар өтті Бұл кездесулерге аудандық ішкі істер бөлімі прокуратура және әділет басқармасының өкілдері қатысып жастарға нақты заң баптары мен олардың күнделікті өмірдегі қолданысы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жасөспірімдермен өткізілген тренингтер мен пікірталас алаңдарында интернеттегі қауіпсіздік мектеп ережесін сақтау кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыптары кеңінен қозғалды Қатысушылар нақты мысалдар арқылы өз құқықтары мен міндеттерін түсінуге мүмкіндік алды. Соңғы уақытта құқықтық тақырыпта аудан көлемінде ауқымды шаралар мен жиналыстар легі жалғасуда.  Аудан көлемінде 60-тан астам құқықтық-ағартушылық іс-шаралар мен түсіндіру кездесулері өткізілді. Атап айтқанда: Әр ауылдық округте “Құқық – қоғам негізі” атты жиындар өтті.

Жергілікті тұрғындармен учаскелік инспекторлар, прокурорлар және медиаторлар тікелей кездесіп, азаматтардың сұрақтарына жауап берді. Прокуратура және полиция бөлімінде апта сайын “Ашық есік күндері” өткізіліп, тұрғындардың шағымдары қаралды. 200-ден астам азамат жеке қабылдауда болып, олардың өтініштері бойынша нақты шаралар қабылданды.  «Мен және заң», «Құқықтық мемлекет – болашағымыз», «Жасөспірім және жауапкершілік» тақырыптарында 150-ге жуық ашық сабақ өткізілді. Оқушылар мен студенттер арасында эссе, сурет және бейнеролик байқаулары ұйымдастырылды. Сонымен қатар Діни және этномәдени бірлестіктермен кездесулер де жалғасып келеді. Имамдар мен ауыл ақсақалдарының қатысуымен “Дін мен құқық үндестігі” атты дөңгелек үстелдер өтті. Радикалды идеологияның алдын алу, отбасылық қатынастағы заң бұзушылықтар, татуласу институты тақырыптары талқыланды.

Қазығұрт ауданында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. “Сіздің құқығыңыз – сіздің қорғанысыңыз” атты жадынамалар, кітапшалар мен инфографикалар таратылды.  Әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен анимациялық түсіндіру материалдары жарияланып, 50 000-нан астам қаралым жинады. QR-код арқылы заңнама мәтіндеріне және құқықтық кеңес қызметтеріне өту мүмкіндігі қарастырылған. Қоғамдық кеңес мүшелері мен ардагерлер ұйымы тұрғындармен кездесулерде белсенділік танытып келеді. Олар: Жас отбасылармен отбасылық құқық, Шаруа қожалықтарымен жер және еңбек құқығы, Жастармен әлеуметтік желідегі заң бұзушылықтар тақырыбында кездесулер өткізді.

Қазығұрт аудандық әкімдігі алдағы уақытта жаңа жобалар жүзеге асады. Оларға «Құқықтық сағат» жобасын барлық ауылдық округте енгізу, құқықтық медиатека ашып, тұрғындарға электронды кеңес беру платформасын іске қосу, әр ауылда “Құқық бұрышы” ақпараттық стендтерін жаңарту, оқушылар арасында “Мен – құқықтық қоғамның мүшесімін” атты аудандық олимпиада өткізу. Қазығұрт ауданындағы құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған бұл жүйелі шаралар – қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың заңға деген сенімі мен құрметін қалыптастыруға үлкен үлес қосады. Жергілікті тұрғындардың белсенділігі мен қолдауының арқасында Қазығұрт ауданы құқықтық санасы жоғары, жауапкершілігі мол қоғам қалыптастыру жолында сенімді қадам басып келеді.

 

Leave a reply