ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА КАНАЛДАРҒА ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түлкібас ауданында егіндікті суғаруға қажетті каналдар мен арық-атыздарды механикалық тазалау жұмыстары жалғасуда.
Дәл қазір Балықты ауылдық округі, Абай ауылына қарасты Шымбұлақ каналы, Машат ауылдық округіне қарасты Жиынбай каналының тиісті бөлігі және аудан орталығын ағын сумен қамтып отырған су нысандарын арнайы техникамен ұйықтан тазарту жұмыстары қарқынды атқарылуда.
Сонымен қатар, каналдар бойына су реттегіш құрылғылар (шлюз) қажеттілігіне қарай орнатылуда.
«Таза Қазақстан» акциясы Түлкібас ауданында қарқынды түрде жалғасып жатыр. Бүгінде Балықты ауылында ретсіз өскен шөптерді шабу, арықтарды тазалау, электр бағаналары мен гүлзарлардың қоршауын бояу, тал түптерін әктеу жұмыстары атқарылды. Жалпы акцияға жергілікті әкімдік мамандары мен ақылы қоғамдық жұмысшылар және еріктілерден құралған 60-қа жуық адам қатысып, 4 техника тартылды.
Оған қоса Түлкібас ауданында екі мыңнан астам мемлекеттік мекеме қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты. Қоршаған ортаны қорғау баршамыздың ортақ міндетіміз. Осы ретте Түлкібас ауданында 5 маусым дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен жаппай сенбілік өтуде. Сенбілікке аудан әкімі аппаратының қызметкерлері бастаған дербес бөлім мен ауылдық округ, кент әкімдіктерінің мамандары мен қоғамдық негіздегі жұмысшылары, мектеп ұжымдары ат салысуда.
Акция барысында, көше бойындағы өсіп кеткен шөптер орылып, қоқыстан тазартылуда. Өсіп кетке талдар реттеліп, түптері әктеліп, ғимарат қас беттері сырлануда. Тазалық жұмыстарына техникалар жұмылдырылып, жиналған қоқыс және шабылған ағаш пен шөптер арнайы орындарға тасымалдануда.