ТҮРКІСТАНДА ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЖАҢА ЗАУЫТ АШЫЛДЫ

0
95

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, өңірде инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу бағытында жұмыстар жүріп жатыр. Түркістан облысында өндіріс орындары мен жұмыс орындарын ашу, инвестиция тарту бағытында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Бүгін облыс орталығындағы «TURKISTAN» индустриалды аймағында жиһаз цехы ашылды. Ашылу салтанатына Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, кәсіпорынның жұмысына сәттілік тіледі.

– Біз өңірді зерделеу барысында жиһаз кластерін дамытуға мүмкіндік мол екенін білдік. Жиһаз өндірушілермен кездесіп, осы саланы дамыту жолын қарастырдық. Қолдауды күшейтіп, бүгін, міне «TURKISTAN» индустриалды аймағында салынған Brownfield өндірістік ғимаратында жиһаз цехы іске қосылуда. Осы жобаны жүзеге асырған инвесторға алғысымызды айтамыз, кәсіпорын жұмысына сәттілік тілеймін! – деді Дархан Сатыбалды.

Жиһаз цехы жобасының жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құраған. 50-ге жуық жаңа жұмыс орны құрылды. Заманауи, соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған цех күніне 600 дана жиһаз шығаруға қауқарлы. Аталған цех облыс мектептерін, балабақшаларын, сонымен бірге, өңірде ашылып жатқан ғимараттарды толықтай жиһазбен қамтуға үлес қоспақ.

Leave a reply