«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫСТА ДЕНДРОСАЯБАҚҚА АВТОМАТТЫ СУҒАРУ ЖҮЙЕСІ ОРНАТЫЛДЫ

0
58

Түркістан облысының аумағында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тазалық жұмыстары жалғасын тауып жатыр. Осы бағытта Арыс қаласында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Тазалық жұмыстар қала әкімінің жіті бақылауында. Бүгінде Арыс қаласына кіреберісте орналасқан «Дендросаябаққа» жаңадан автоматты суғару жүйелері орнатылды. Аталған жұмыстарды «Kazakh Real Stroy» ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды.

Ел көлемінде тазалықты қалыптастыру мақсатында «Таза Қазақстан» атты экологиялық акциясы қолға алынды. Аталған жоба аясында Түркістан облысының барлық қала, аудандары тазалық жұмыстарын бастап кеткен.
Алдымен мұнда арамшөптерді ору жұмыстары жүргізіліп, саябақ ішіне санитарлық тазалық жұмыстары атқырылды. Енді міне, автоматты суару жүйелері іске қосылды.

Аумағы 12 гектарды құрайтын әсем саябақ алдағы уақытта қала тұрғындарының саялы демалыс аумағына айналмақ. Аудан аумағында жыл басынан бері жалпы 75 сенбілік өткізілді. Сенбілік барысында 500 көше, 161 шақырым аяқжол, 200 шақырым арық-атыздар, 103 шақырым ирригация жүйелері тазаланды. Сонымен қатар 37 аялдама, 34 саябақтар мен скверлер, 47 спорт алаңшасы ретке келтірілді. Тазалық жұмыстарына жалпы 20 мың адам қатысып, 343 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде, 676 тонна қоқыс арнайы орындарға шығарылды. Аудан аумағында тазалық жұмыстары жалғасын табады.

Айта өтсек, Президенттің бастамасымен қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы басталған болатын. Түркістан облысында экоакция аясында 6 сәуір мен 11 мамыр аралығында жалпыхалықтық тазалық шаралары жүргізілді. Осыған дейін «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» апталықтарында 1 408 ауқымды іс-шара өтіп, оған 67 мыңнан астам адам қатысты.

Leave a reply