Четверг, 19 сентября

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ТАЗАЛЫҚ ШАРАСЫНА БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСТЫ

0
74

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығын қорытындылау мақсатында Мақтаарал ауданында тұрғындардың жаппай қатысуымен сенбілік өтті.

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мақтааралдықтар кенттер мен елдімекендерде, халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдардың және каналдар мен арық-атыздардың бойына санитарлық тазарту, абаттандыру, көркейту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыра отырып, отансүйгіштікке, табиғатты қорғауға, халықтың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында өткен тазалық іс-шарасына жалпы мемлекеттік қызметкерлер және дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, мектеп, балабақша ұжымдары, аудан бойынша шекара басқармасының сарбаздары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, аудандық төтенше жағдай бөлімінің мамандары, қоғам белсенділері және жалпы аудан тұрғындары белсене қатысты.

Жалпы сенбілікке 3450 адам, 16 техника қатысып, 35 тонна күл-қоқыс шығарылды. 56 шақырым көше, 7,4 шақырым аяқжол, 22,6 шақырым каналдар мен арық-атыздардың және 3,9 шақырым ирригациялық жүйелердің бойлары күл-қоқыстан арылды.

1,5 гектар саябақ және 1,4 гектар скверлердің аумағы тазартылды. 12 дана автобус аялдамалары және 850 дана талдар ақталды. 2 дана балалар алаңшасы мен 3 дана спорт алаңшалары ретке келтірілді. 2455 шаршы метр үй іргелік жерлердің аулалары тазаланып, 850 шаршы метр тұрғын үй қасбеттеріне әктеу, сырлау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 21 дана көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, жертөлелері мен кіре берістері тазаланды.

Leave a reply