ТҮРКІСТАН: АЛКОГОЛЬДЫҢ АДАМ АҒЗАСЫНА ЗИЯНЫ

Алкоголь — ол биологиялық у болып, барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұра білу қабілетін жойып, адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Алкоголь ми тамырларына өте жағымсыз әсер етеді. Адам мас күйінде оның басында тамырлар кеңейіп, олардағы қан ағымы баяулайды және мидағы тоқырауға әкеледі. Сондықтан мас күйінде жиі (және әсіресе егде жастағы адамдарда) ми инсульті сияқты қауіпті асқынулар дамиды, бұл ауыр мүгедектікке және соңы тіпті өлімге әкеледі. Алкоголь миға және жүйке жүйесіне зиян тигізіп, есте сақтау, ойлау қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін. Ол мидың жұмысын баяулатып, адамның эмоционалдық күйін тұрақсыз етеді. Ұзақ уақыт бойы алкогольді тұтыну депрессияға, ұйқының бұзылуына және алаңдаушылықтың артуына ықпал етеді.Алкогольге үйреніп кету психологиялық тәуелділікті дамытады. Алкогольге тәуелді адамда жұмысқа деген қабілет төмендеп, отбасы, достарымен қарым-қатынасы нашарлайды. Бұл тәуелділік өмір сапасын айтарлықтай төмендетіп, денсаулыққа кері әсер етеді.Алкогольдің әсері есту қабылдауына теріс әсер етеді; дәм сезімдері бұрмаланады; сыртқы тітіркендіргіштерге реакциялар азаяды; қарапайым арифметикалық мысалдарды шешуде қателіктер саны артады. Статистика алкогольді ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамдарда бауыр циррозының пайда болуы ішпейтіндерге қарағанда жеті есе жиі кездесетінін көрсетеді. Алкогольді жиі және көп мөлшерде тұтыну бауырдың зақымдалуына, бауыр циррозына және гепатиттің дамуына әкелуі мүмкін. Бауырдың қызметі нашарлағанда, ағзаның уытты заттардан тазаруы қиындайды, бұл жалпы денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізеді. Алкоголь иммундық жүйенің қызметін әлсіретіп, иммунитетты төмендетеді. Сол кезде ағза инфекциялар мен ауруларға осал болады. Бұл әсіресе тұмау, ЖРВИ сияқты аурулар кезінде қауіпті.Алкоголь ас қорыту жүйесіне де зиянын тигізеді. Ол асқазанның шырышты қабатын зақымдап, гастрит, асқазан жарасы және асқазан обырының дамуына әкелуі мүмкін.
Алкогольден бас тартудың артықшылықтары: ұйқы сапасын жақсартады, энергия деңгейін арттырады, психикалық және физикалық денсаулықты нығайтады, салмақты бақылауға көмектеседі, жүрек, бауыр және ми ауруларының даму қауіпін төмендетеді.
Есіңізде болсын: денеге зиян келтірместен демалуға болады! Денсаулығыңызды сақтау өз қолыңызда екенін ұмытпаңыз!
Түркістан қалалық емхана Бірлік бөлімшесінің жалпы тәірибелі дәрігері
Мирзахожаев Нурмухаммад Жумадуллаевич













