КЕЛЕСТЕ АУЫЗ СУ ҰҢҒЫМАСЫ БҰРҒЫЛАНЫП, СУ СҮЗГІСІ ОРНАТЫЛДЫ

0
95

Бүгінде көптің мәселесіне айналған ауыз су мәселесі жолға қойылып келеді. Келес ауданының орталығы Абай ауылын «Сарыағаш ТСЖ» мекемесі ауыз сумен қамтамасыз етіп келеді. Келес ауданының «Сарыағаш ТСЖ» мекемесі тарапынан ауыз су берілетін елді мекендер күніне жалпы 5000-6000 м3 ауыз су тұтынады. Келес ауданында кестеге сәйкес қыс-күз маусымында күндігіне 6 сағаттан, жаз мезгілінде абоненттерге 2 сағаттан ауыз су берілуге жоспар енгізіліп, бекітілген.

Бүгінгі таңда, Келес ауданының 10 елді мекеніне жаз мезгілінде тәулігіне 4000 м3 ауыз су берілу жоспарланған. Алайда, 300 м3 ауыз су тәулігіне берілуде. Осының салдарынан ауыз су тапшылығы орын алуда. Сарыағаш ауданында орналасқан Сарыағаш су сорғы станциясында ақаулықтар орын алып, суды тазалау көлемі азайған. Сонымен қатар, электр қуаты кернеуінің азайғандығынан насостар толық көлемде жұмыс жасамаған.

19.06.2024 жылы «Сарыағаш» ТСЖ мекемесі қалыпты жұмыс режиміне түсті. Келес ауданының орталығы Абай ауылына күні кеше сағат 21:00 ден бастап ауыз су беріліп бастады. Бүгін де су қоймасына ауыз су жинау жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, су тапшылығын болдырмау мақсатында қосымша ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, су сүзгісін орнату жұмыстары аяқталды. Қазіргі уақытта іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралар тәулігіне қосымша 1000 текше метр ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Аталған бағытта облыс әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар жүктеп, істің сапалы орындалуын ескертеді.

Leave a reply