МАҚТААРАЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА БӨЛІНЕТІН СУБСИДИЯЛАР ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

0
79

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында агроөнеркәсіптік кешенде көптеген мәселелер қордаланып қалғанын, оларды шешу үшін жүйелі шараларды қабылдау қажет ететінін атап өтті. Оның ішінде, ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттен берілетін жәрдемдер мен қолдау шараларын күшейту тапсырылған болатын.

Осыған орай, Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалдының бекітуімен аудандарға шығып Түркістан облысы агроөнеркәсіптің кешенінде атқарылып жатқан жұмыстар мен мемлекеттік қолдауларды тұрғындарға түсіндіруді жүргізетін жұмысшы топтар құрылған болатын. Аталған жұмысшы топтың құрамы 28 наурыз күні арнайы Мақтаарал ауданына келіп, «Мақтаарал мәдениет үйінде» агроөнеркәсіп саласындағы мемлекеттік қолдауларды насихаттау және кеңінен түсіндіру мақсатында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен жиын өткізді.

ЖиынғаТүркістан облысы ауыл шаруашылығы басқарма басшысының орынбасары Плалов Әлібек Әбдхалықұлы,«КазагроҚаржы» АҚ Түркістан облысы филиалы директорыНышанов Алтынбек, «Ырыс» МҚҰ ЖШС басқарма төрағасы Мыңбаев Мухит Мамытович, «Түркістан ӘКК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Исаев Нурлыбек Акилбекович және аудандық «Казсушар РМК», «Мақта және бақша зеттеу тәжірибе» станциясының басшысы, аудандық маслихат депутаттары, аумақтық мекеме басшылары, ауылдық округі әкімдері, шаруа қожалық басшылары және БАҚ өкілдері қатысып, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік қолдауларды кеңінен түсіндірліп, шаруаларды толғандырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Кездесуде агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік қолдаулар (субсидиялау) 2018 жылдан бастап «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының аясында электронды түрде жүзеге асырылып жатқаны, жеке және заңды тұлғалар электрондық портал арқылы субсидиялау бойынша өтінімдері тікелей басқармаға келіп түскен соң құжаттары 1-3 күн мерзімінде заң талаптарына сәйкестігі тексеріліп, тиісті төлем жүргізуге жиынтық тізім дайындалатынын түсіндірді. Сондай-ақ, қайта өңдеуге өткізілген дәндік жүгеріге мемлекеттік қолдау көрсету Басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау бағдарламасының шеңберінде жүргізілетінін, бұл бағдарламаға ағымдағы жылы облыстық бюджеттен 1,4 млрд. теңге қаржы қаралғанын айтты.
Бағдарлама арқылы қайта өңдеуге тапсырылған дәндік жүгерінің тоннасына 10,0 мың теңге төленеді. Минералды тыңайтқыштар пайдалану арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі арттырып, өнім көлемі ұлғайту және отандық қайта өңдеу кәсіпорындарының шикізатқа деген қажеттілігін қанағаттандыру негізінде 2024 жылы субсидияланатын тыңайтқыштар көлемі 82,3 мың тоннаны құрайды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жеңілдетілген жанар-жағар маймен қамтамасыз ету, өткен жылдан бастап ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығына сәйкес, Gosagro.kz порталы арқылы жүргізілуде.
Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарына 21,8 мың тоннаға өтінім тапсырылды. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2024 – 2028 жылдарға 2 есеге ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау жөніндегі жол картасы бойынша 2024 жылға арналған көрсеткіштерінде мал басын ұлғайтуға және ірі қара, ұсақ малдарды асылдандыруға басымдық берілуде Сондай-ақ, жылқы, құс, ешкі, балара шаруашылықтарын дамытамын деген азаматтарға төленетін субсидия көлемі жөнінде түсіндіріп өтті. Жиын барысында ағын суға берілетін субсидия көлемі және алдағы уақытта су үнемдеу технологиясын пайдаланған шаураларға жалпы шығынның 50% ын субсидиялап беретіндігін жеткізді.

Бұл бағыттар бойынша алдағы уақытта тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары облсытық басқарма және жергілікті атқарушы органдар тарапынан жүргізіліп отыратындығы айтылды.

Leave a reply