ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ 51 ЕЛДІ МЕКЕН ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛҒАН

0
98

Аудандағы 55 елді мекеннің 54-і (98,2%) орталықтандырылған ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. 1 елді мекеннің (Жаңакүш) ауыз су құбырын жүргізу үшін ЖСҚ әзірленіп, құны 287 млн теңгеге мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, өткен жылға қаржыландыру үшін тиісті салалық басқармаға құжаттары ұсынылды. 2023 жылы мәселе шешімін тапса, аудан аумағы 100 пайыз орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылады. Аудан орталығы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында «Көктерек» су тазалау ғимаратының құрылысына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы 55 елді мекеннің 51-і орталықтанған табиғи газбен қамтылған. Бүгінге қалып отырған 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары шілде айына дейін аяқталып, жыл соңына дейін аудандағы 55 елді мекен 100 пайыз орталықтанған газбен қамтылатын болады.

Аудандағы ауылшаруашылық саласының өнім көлемі өткен жылы 61,6 млрд. теңгені көрсетті. Егін шаруашылығы саласында 24 млрд 446 млн теңгенің өінімі өндіріліп, 2023 жыл 28 млрд 500 млн теңгеге көтеру , мал шаруашылығы саласында 37 млрд 238 млн теңгені құраса, 2023 жыл жоспарды 39 млрд 354 млн теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Былтырғы жылы жеке кәсіпкерлер Н.Муратов, Б.Тойлыбаев балық өсіру шаруашылығын қолға алып, 100 млн.тг. көлемінде инвестиция тартып, бүгінде арнайы бассейнде 13 мың дана сазан балығын өсіруде. Кемеқалған ауылдық округінде «Қазығұрт бақтары» АШӨК -500 тонналық қойма құрылысын өз қаржысы есебінен жүргізуде. Тамақ өнеркәсібі — халықтың тағамға деген сұранысын қанағаттандырса, аудан аумағында бұл саланы жетілдіруге барлық жағдай жасалған. Ауданда тамақ өнеркәсібін жандандыру үшін инвестиция да тартылуда.
Ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларға келсек, «АДС АГРО» ЖШС құны 600 млн болатын инвест жобаны іске қосып, ет өнімдерін вакуммен орау цехын іске қосуды ойластыруда. «Қазығұрт бақтары» АШӨК 190 млн.тг. теңге қаржы жұмсап, 80 га шие егуді ойластыруда. Кемеқалған ауыл округінде құны 1 млрд 123 млн теңге болатын жер көлемі 13 гектарды құрайтын сыйымдылығы 1040 м3. «Қарақуыс» су қоймасының құрылыс жұмысын бастауға 200 млн теңге қаржы қарастырылды. Сонымен қатар, елді мекендердегі жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары өткен жылы 8513 гектар жер болса, жоспар толығымен орындалды. Сондай-ақ, былтырғы жылы меморандум негізінде 22 151 гектар жер қайтарылды. Жалпы, өткен жылы қайтарылған жер көлемі 30 664 гектар. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 9000 га, қазіргі кезде бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде.

Ленгір қаласындағы кәріз жүйесіне қатысты мәселені шешу мақсатында “3-Кәріздік тазарту қондырғысының” (КОС-3) құрылысын жүргізу қолға алынды. Жоба құны 2,6 млрд теңгені құрайды. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Ұлттық қор есебінен Екпінді, Біркөлік елді мекендерінің электр жүйелері мен трансформаторын орнатуға 110 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Республикалық бюджет есебінен Тағайна елді мекенінің 11 көшесіне электр жүйесі мен трансформатор орнатуға 120 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Төрт елді мекеннің электр желілері мен трансформатарлары ауыстырылуда. 3 жобаның құрылысы биылғы жылы жалғасын табуда. Жоба құны 2 млрд 169 млн теңгені құрайтын Ленгір қаласы «Алатау» мөлтек ауданындағы 2,0 га жер теліміне 110 кВ ӘЖ бар ҚС-110/10 кВ электр қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, 29 елді мекеннің 73 көшесінің электр желілері және трансформаторлары ауыстырылады. Ленгір қаласы мен 14 елді мекеннің 18 көшесіне 38,2 шақырым түнгі жарық орнатуға 105 млн теңге қарастырылып, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді. 2023 жылы 10 елді мекеннің 12 көшесіне құны 60 млн теңгені құрайтын түнгі жарықтандыру орнатылады.

Leave a reply