«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САЙРАМДА «ТАЗА БЕЙСЕНБІ» АПТАЛЫҒЫ МАШАТ ӨЗЕНІ ЖАҒАСЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

0
85

Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» акциясы барлық жерде жүргізіліп жатыр. Түркістан облысында да акция аясында «Таза өлке» апталығы бойынша тазалық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. «АМАNAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Адырбекұлының бастамасымен, Сайрам ауданы, Жібек Жолы ауылдық округінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті.

Тазалық науқаны барысында ауданға қарасты Жібек Жолы ауылдық округі, Машат елді мекені, Ысқақ ата көшесін бойының 1,2 шақырымы және Машат өзенінің 1,5 шақырым жағалауы табиғат тұнығын ластаған қатты қалдықтардан тазаланды. Сондай-ақ Сиқым баба алаңы бейберекет тасталған күл-қоқыстан арылды.
Аталған іс-шараға партия және Жібек Жолы ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері, аудандық Жастар ресурстық орталығы коммуналдық мекемесі және «Жастар Рухы» жастар қанаты мүшелері және БАҚ өкілдері жалпы 50-ге жуық азамат атсалысты.

Айта кетейік, «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы аудан аумағында апта сайын тұрақты түрде жалғасуда.

Қазақстан» экологиялық акциясына аудан тұрғындары, белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер белсенділік танытуда. Ал Сайрамда мемлекеттік қызметшілер күн сайын жұмыс күнінің бір сағатын тазалық, ағаш егу сынды қоршаған ортаның абаттануына арнамақ. «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазалыққа жауапты мекеме қызметшілері мен жергілікті тұрғындар аудан аумағындағы қоғамдық орындарды күл-қоқыстан тазартып, ретсіз өсіп кеткен ағаш бұталарды бұтау жұмыстарын атқаруда.

Leave a reply