ТАЗАЛЫҚ – ТАБАЛДЫРЫҚТАН БАСТАЛАДЫ

0
137

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ордабасы ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға аудан тұрғындары мен жастары және еріктілер белсенді атсалысуда. Аудан көлемінде экологиялық акция аясында бүгінгі күнге дейін 30-ға жуық ауқымды сенбілік өткізілді. Науқан барысында мыңнан астам шақырым көшелердің бойы күл-қоқыстан тазаланды. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 400 тоннаға жуық қоқыс арнайы полигонға шығарылды. 17 мыңнан астам ағаштың түбі әкеліп, ұзындығы 18 шақырым болатын өзен-көлдердің, каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланды. Бұдан бөлек, 14 мың шаршы метрден астам тұрғын үйлердің қасбеті қалыпқа келтірілді. 44 автобус аялдамасы сырланып, 25 мыңнан аса қураған ағаш бұталары қырқылды. Жалпы сенбілікке 11945 адам қатысып, 100 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің» тұқым бағында өсірілген 9950 емен, 6400 қараағаш, 300 самшит, 300 барбарис және 500 түп туя көшеті аудан орталығындағы көрікті жерлерге отырғызылды. Сонымен қатар Темірлан елді мекеніндегі жол белгілері сырланып, реттелді.
Сондай-ақ аулдық округтердің көшелері мен балалар және спорт ойын алаңшаларының аумағы тазаланды. Абаттандыру, көшеттерге күтім жасау, шөп ору, көгалдандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Мұндай ауқымды сенбіліктер ауданда жыл соңына дейін жалғасын табады.

Leave a reply