
Түркістан облысында инвестициялық ахуалды жақсарту және өңірдің өндірістік әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген индустриалды және өндірістік аймақтар құрылып, бизнесті қолдаудың тиімді тетіктері енгізілуде. Соның жарқын мысалы – Сауран ауданында жүзеге асырылып жатқан шағын өндірістік парк жобасы. Осы мақсатта жуық арада Өзбекстан Республикасының Ташкент облысында Түркістан және Ташкент облыстары кәсіпкерлерінің қатысуымен «Шекарасыз ынтымақтастық» тақырыбындағы халықаралық бизнес-форум өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған ресми және бизнес-делегация қатысып, өңіраралық сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Маңызды диалог алаңына екі өңірден 200-ге жуық кәсіпкер мен инвестор жиналып, өзара тиімді әріптестіктің жаңа бағыттарын қарастырды. Жалпы өңір басшылығы инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше мән беруде. Өндірістік алаңдар қажетті инженерлік желілермен қамтылып, кәсіпкерлерге жер телімдері мен өндірістік ғимараттар ұсынылады. Нәтижесінде инвесторлар негізгі күш-жігерін өндірісті дамытуға және өнім шығаруға бағыттай алады. Бұл тәжірибе өзінің тиімділігін дәлелдеп, бүгінде еліміздің басқа өңірлеріне де үлгі ретінде ұсынылуда.

Форум барысында тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, логистика, құрылыс, туризм және өңдеу өнеркәсібі салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнатуға, жаңа серіктестер табуға және инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған B2B кездесулер ұйымдастырылды.
Түркістан облысы бүгінде еліміздегі инвестициялық тартымдылығы жоғары өңірлердің біріне айналып отыр. Өңірде инвесторларға қолайлы жағдай жасау мақсатында индустриалды аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар мен шағын өндірістік парктердің инфрақұрылымы дамытылып, мемлекеттік қолдау тетіктері тиімді іске асырылуда. Соның нәтижесінде соңғы жылдары Түркістан облысы шетелдік инвестиция тарту бағытында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Облыс Өзбекстанмен қатар Қытай, Түркия, Ресей, Біріккен Араб Әмірліктері және Еуропа елдерінің инвесторларымен тығыз байланыс орнатқан. Шетелдік компаниялардың қатысуымен жаңартылатын энергия көздері, агроөнеркәсіптік кешен, тоқыма өндірісі, құрылыс материалдарын шығару және логистика салаларында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, өңір экономикасының әртараптануына және экспорттық әлеуетінің артуына оң әсерін тигізуде.
Форум аясында Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылып, өңірдің географиялық орналасуы, көлік-логистикалық әлеуеті, қолайлы бизнес ортасы және мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен насихатталды. Қатысушылар Түркістан мен Ташкент облыстары арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту екі өңірдің де дамуына серпін беретінін атап өтті.
«Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық бизнес-форумы бауырлас екі өңір арасындағы өзара сенім мен серіктестікті нығайтып, жаңа инвестициялық жобалар мен іскерлік байланыстардың қалыптасуына жол ашатын маңызды алаң ретінде бағалануда.
Ал Сауран ауданындағы шағын өндірістік парк өңірдегі инвестициялық жобаларды шоғырландырып, жаңа өндірістерді жедел іске қосуға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды. Жоба аясында 100 гектар аумақта өндірістік инфрақұрылым қалыптастырылып, кәсіпкерлерге дайын өндірістік ғимараттар ұсынылуда. Бұл өз кезегінде инвесторлардың құрылысқа кететін шығынын азайтып, өндірісті қысқа мерзімде іске қосуына жағдай жасайды.Бүгінде парк аумағында бірқатар кәсіпорындар жұмысын бастап үлгерді. Атап айтқанда, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін шығару, мектеп жиһаздарын өндіру, өнеркәсіптік тоңазытқыштар жасау бағытындағы зауыттар іске қосылған. Бұл өндірістер өңірдің импортқа тәуелділігін азайтып, отандық өнім көлемін арттыруға ықпал етуде. Жобаның жалпы инвестициялық әлеуеті өте жоғары. Қазіргі жоспар бойынша үш кезеңде 39 өндірістік ғимарат салынуда. Жалпы инвестиция көлемі 131 млрд теңгеге жетіп, нәтижесінде 1450 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Ал жобаны одан әрі кеңейту арқылы 308 млрд теңге инвестиция тартылып, 150-ден астам өндірістік нысан бой көтеріп, шамамен 6 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Өңір басшылығы инвесторлар үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға ерекше мән беруде. Өндірістік алаңдар қажетті инженерлік желілермен қамтылып, кәсіпкерлерге жер телімдері мен өндірістік ғимараттар ұсынылады. Нәтижесінде инвесторлар негізгі күш-жігерін өндірісті дамытуға және өнім шығаруға бағыттай алады. Бұл тәжірибе өзінің тиімділігін дәлелдеп, бүгінде еліміздің басқа өңірлеріне де үлгі ретінде ұсынылуда. Жалпы алғанда, Сауран ауданындағы шағын өндірістік парк Түркістан облысының индустриялық дамуының жаңа драйверіне айналып отыр. Жоба өңір экономикасын әртараптандыруға, жаңа өндірістер ашуға, жұмыс орындарын құруға және инвестиция көлемін арттыруға елеулі үлес қосуда.













