ОРДАБАСЫ: «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ ТӨРТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

0
84


Елімізде сәтті жүзеге асқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы Түркістан облысы тұрғындарының тұрмысын жақсарта түсті. Өткен жылдан бері өңірде 19,8 млрд теңгеге 3200-ден астам жоба қаржыландырылды. 16 ауданның 64 ауылдық округінде жаңадан 75 кооператив құрылып, 3,5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Ауыл тұрғындары мал бордақылап, балық өсіруді қолға алған. Тағы бірі наубайхана ашып, шағын кәсіпкерлікті дамытып жатыр. Ауылшаруашылығы министрлігінің өкілдері аталған жобамен жұмыс бастағандардың ісін көріп, қазіргі тіршілігімен танысты. Биыл министрлік «Ауыл аманаты» бағдарламасына 100 млрд теңге бөлуді жоспарлап отыр.
«Ауыл аманаты» жобасының ІІІ кезеңін Ордабасы ауданында Қажымұқан, Шұбарсу, Төрткүл және Бөген ауылдық округтерінде жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жоба аталған ауылдық округтерде ауылшаруашылық өндірістік коперативтерін құру арқылы жүзеге асырылмақ. Яғни, көкөніс, құс, балық, мал шаруашылықтарын дамыту көзделіп отыр. Жобаға 410 адам қатысып, 422 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Мысалы, Бөген ауылдық округінде 200 бас түйені құрайтын АӨК құрып, оған 90-нан астам мүше енгізілмек. Мұнда түйе сүтін өткізу, жинау, өңдеу жұмыстары қолға алынатын болады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек»,-деген болатын.
«Ауыл аманаты» жобасы Қазақстан Республикасының Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №1 «Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Жарлығы негізінде бастау алды.
Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық және атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту. Өзін-өзі қамтушыларды заңдастыру. Ауылдық елді-мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құстың санын көбейту, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек»,-деген болатын.
Жоба – халықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету, ауыл әлеуетін тиімді пайдалану арқылы ауыл экономикасын және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндіктер береді.
Бағдарламаны жүзеге асыруға 2023 жылы Республикалық бюджеттен 11,0 млрд. теңге қаржы бөлінген. Бұған қосымша 8,7 млрд. теңге бөлініп отыр. Жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық берілуде.
Несиелендіру 6 бағыт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде өсімдік шаруашылығын дамыту, мал, құс, балық шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау, тұрғындардың өз кәсібін ашуына қолдау көрсетуге бағатталуда. Несиенің ең жоғарғы сомасы – кооперацияны дамыту үшін 27600 000 теңгеге дейін (8000 АЕК), ал жеке қосалқы шаруашылығын дамыту үшін – 8625 000 теңгеге дейін (2500 АЕК) берілуде. Қаржыландырудың ең аз мерзімі – 12 ай, ең ұзақ мерзімі – 84 ай. Борышты өтеу бойынша 12 айға дейін жеңілдікті кезең қарастырылған.
Айта кету керек, жуырда Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте Halyk Bank, Қазақстанның Даму банкі, Аграрлық несие корпорациясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері жеңілдікпен қаржыландыру үшін жобаларды іріктеудің аралық нәтижелерін талқылады.
2024 жылғы 10 ақпандағы жағдай бойынша Halyk Bank 275 млрд теңге болатын 89 жобаны іріктеп алды. Бірінші кезеңде компания иелерінің іскерлік беделі, олардың жобаларды іске асырудағы тәжірибесі, салалық ерекшеліктер, өңірлердің нақты өнім түрлерімен қамтылуы сараланды. Аграрлық несие корпорациясы және Қазақстанның Даму банкі желісі бойынша жеңілдікпен қаржыландырылатын жобалар пулы екінші деңгейдегі банк портфеліне енген жобаларды ескере отырып қалыптастырылатын болады. Қаржыландыру тетіктері пысықталып жатыр. Әлеуетті жобалар қатарында 88 млрд теңгеге 49 жоба бар.
Еске сала кетсейік, өткен жылдың соңында Ауыл шаруашылығы министрлігі Halyk Bank және Бәйтерек холдингінің ауыл шаруашылығы өнімдері кооперативтерімен қаржы институттарымен ынтымақтастық аясында қаржыландырылуы мүмкін 500 жобадан тұратын портфель қалыптастырды. Бұл жобалар негізінен ауыл шаруашылығы өнімдері кооперативін дамытудың басым бағыттары – тауарлы сүт фермалары, көкөніс қоймаларын салуға, мал шаруашылығын дамытуға, дәнді дақылдарды, ет, жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуге бағытталған.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалануды ескере отырып, қарыз алушы ауыл шаруашылығы кооперативі субъектісі үшін түпкілікті мөлшерлеме жылына 6%-дан аспайтын болады. Негізгі шарттардың бірі – ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың талаптарына сәйкес келетін жобаларды үздіксіз қаржыландыру.
Сонымен қатар Серік Жұманғарин қаржы институттарына айналым капиталын қаржыландыруды қарастыруды ұсынды. Бұл көктемгі егіс жұмыстары және арзандатылған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің өндірісі үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау құралы.

Leave a reply