ОРДАБАСЫ: АУДАНДА 1300 ГЕКТАРҒА СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЕНДІРІЛМЕК

0
84


Елімізде ауыл шаруашылығы саласында қолданылып жатқан озық технологияның бірі – тамшылатып суару. Соңғы жылдары ауданымызда жаңа технологияны тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырып жүрген шаруалар қатары артып келеді.
Бұрын шаруалар көктемгі жаңбыр суынан кейін бір рет қана өнім алатын болса, қазіргі технология бойынша жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістерін қолдану арқылы бір жылда екі-үш рет өнім алуға қол жеткізіп отыр. Әсіресе, жаңбырлатып суару әдісінің арқасында бұрын игерілмей бос жатқан жерлер айналымға қосылуда. Бүгінгі таңда су үнемдеу технологиялары енгізілген аудандар көбеюде. Бұл өз кезегінде су мен қоректік заттарды нақты беру арқылы өнімділікті арттыруға ықпал етеді. Жыл сайынғы өсімге инвестициялық субсидиялау ықпал етеді. Оның аясында фермерлердің қазіргі заманғы суару жүйелерін сатып алуға, сондай-ақ су алу және беру үшін барлық қажетті инфрақұрылымды жүргізуге жұмсаған шығындарының 50%-ы өтеледі.
Қазіргі таңда елімізде жаңа технологияны тиімді пайдаланып, өнім көлемін арттырып жүрген шаруалар аз емес. Бұрын шаруалар көктемгі жаңбыр суынан кейін бір рет қана өнім алатын болса, қазіргі технология бойынша жаңбырлатып және тамшылатып суару әдістерін қолдану арқылы бір жылда екі-үш рет өнім алуға қол жеткізіп отыр. Әсіресе, жаңбырлатып суару әдісінің арқасында бұрын игерілмей бос жатқан жерлер айналымға қосылып жатыр.
Осы мақсатта Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев Қажымұқан ауылдық округінде болып, “Жан-2004” ЖШС-ның жұмысымен танысты. Аталған серіктестік Мемлекет басшысының тапсырмасына орай 450 Га алқапқа жаңбырлатып суғару әдісін енгізе отырып, мал азығын дайындауда. Атап айтар болсақ, 100 Га жоңышқа, 350 Га бидай еккен. Жобаның құны 250 млн тг. құрап, 10 адам жұмыспен қамтылған.
Шаруа қожалық су үнемдеу арқылы гектарынан 720 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Одан бөлек серіктестік маусым айында қосымша 70 Га жерге жаңбырлатып суғару технологиясын ендірмек. Жоба құны 45 млн.тг.құрап, су үнемдеу құрылғыларын “BNK Irrigation” ЖШС-і алдырған.
Аудан басшысы аталған шаруа қожалықтың жұмысына оң бағасын беріп, су үнемдеу арқылы да мол өнім алуға болатындығын айтты.
– Мемлекет басшысы өткен жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында су ресурсына, оны үнемдеу қажет екеніне ерекше тоқталған. 2030 жылдарға қарай еліміздегі су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жетуі мүмкін екенін айтқан. “Судың да сұрауы бар” демекші, бірте-бірте оны үнемдеп пайдалануға көшуіміз керек. Мәселені түсініп ауданымыздың шаруалары су үнемдеу шараларын қолға ала бастаүаны қуантады, – деді аудан әкімі.
Бүгінгі таңда ауданда 31 шаруа қожалық 474 Га жерге тамшылатып суғару жүйесін енгізген. Осы жылға 1300 Га-ға жоспарланса, оның ішінде 300 Га жаңбырлатып, 1000 Га тамшылатып суғару жүйесін енгізу жоспары тұр.
Айта кету керек, суармалы судың жетіспеушілігі проблемалы мәселе болып отыр. Сонымен қатар суды ысырап етуге жол берілмеу керек. Фермер үшін шешім – су үнемдейтін технологияларды енгізу болуы керек. Егер мұндай технологияларды енгізетін фермер үшін «оң шешім» инвестициялық субсидиялаудың жоғарылауы болса, онда «теріс шешім» суға жұмсалатын шығындар артады. Мысалы, қазіргі уақытта су беру қызметтерін өтеу бойынша субсидияны суару әдістеріне қарай саралау бойынша жұмыс жүргізілуде. Яғни субсидияларды бұрынғы деңгейде тек су үнемдеу технологияларын қолданатын фермерлер ғана алатын болады.
Серіктес компаниямен келісім шарт түзіліп, арнайы техникалар сатып алынған. Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығы техникалары, дән сепкіш құрал жабдықтар мен тамшылатып суару технологиясының кешені жеткізілген. Егіндік аймақта 5 дана тік дренажды ұңғымалар қазылып, электр бағаналары орнатылған. 133 гектарға мақта егілген соң, жер үсті шлангаларын төсеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Бүгінде бірқатар шаруа қожалығы осы әдіске көшкен. Арнайы құрылғылар арқылы жасалатын бұл жүйенің тиімділігі көп: тыңайтқыш көлемі 5-6 есе азаяды. Есесіне мол өнім алуға болады. Ең бастысы, су үнемделеді. Мамандардың айтуынша, жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады. Әрі суды екі-үш есеге дейін үнемдейді. Жаңбырлатып суарудың тиімділігін түсінген шаруалардың қатары да күн санап көбейіп келеді. Сондай-ақ, осы әдісті пайдалана отырып, диқандар жазық жерде тек мал азығы дақылдарын ғана емес, жаңа технологияның көмегімен көкөніс, бақша дақылдарын да өсіре алады. Бұл халықтың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына да зор серпін береді. Алайда мамандар ауыл шаруашылығын дамыту үшін озық технологияны пайдалану көрсеткішін көтеру керек дейді.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалиннің айтуынша, биыл Қазақстанда 1,58 млн га суармалы жер игеріледі. Оның ішінде 1,1 млн га немесе 74%-ы жер үсті тәсілімен суарылады, 227,3 мың га немесе 14,3%-ы, заманауи жаңбырлатып суару жабдықтары пайдаланылады, 97,9 мың га немесе 6,2%-ы тамшылатып суарылады.
Өткен айда Премьер-министр орынбасары Серік Жұманғарин Павлодар облысына жұмыс сапары кезінде суару мәселесі бойынша кеңес өткізген болатын.
Онда Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары және ирригация ми-нистрліктерінің, түрлі өңірлер мен аудан әкімдіктерінің, АӨК саласындағы қаржы институт¬тарының, инвестициялық жоба¬лардың басшылары, фермерлер мен отандық техника мен суару жүйелерін өндірушілер бас қосып, өз өңірлерінде тиімді суару жобаларын енгізу кезіндегі перспективаларды, мүмкіндіктер мен қиындықтарды талқылады. Серік Жұманғарин қазіргі басты міндет жеңілдетілген несие алатын ирригациялық жобаларды таңдау тәсілін анықтау екенін айтты.
Осы орайда тамшылатып суару және жаңбырлату технологиясын дамытуға отандық өндірушілер қандай үлес қосып отыр деген сұрақ туындайды. Жалпы, суару жүйесіне арналған құрал-жабдық өндіретін қандай компанияларды білеміз? Вице-премьер отандық кәсіпорындарды атап, оларға мүмкіндігін арттыру керегін айтты.
«Мемлекет басшысы 2023 жылғы Жолдауында мемлекет пен бизнес арасындағы табысты әріптестіктің бұл үлгісін атап өтіп, негізгі азық-түлік өнімдері бойынша елдің импортқа тәуелділігін төмендету үшін оны ауыл шаруашылығының басқа салаларында қолдануға тапсырма берді. Биыл Үлкен жоба бойынша көкөніс сақтау қоймаларын, құс фабрикаларын салу мен суару, мал шаруашылығы жобаларын іске асыруға 100 млрд теңге көлемінде қаржыландырудың екінші траншы бөлінді. Бүгін біз кеңеске жұмыс істеп тұрған және әлеуетті отандық суару жүйелеріне арналған жабдықтарды өндірушілерді, суару жобалары бойынша тәжірибесі бар фермерлерді шақырдық. Жаңбырлату техникасы мен тамшылатып суару жүйелерін таңдау кезінде отандық өндірушілерге артықшылық беру қажет. Бізде Metzer Kazakhstan, BNK irrigation, Samal commodities, «Келет» АҚ сынды табысты кәсіпорындар бар», – деді Серік Жұманғарин.
Осы орайда вице-премьер министр атап өткен Metzer Kazakhstan кәсіпорнына тоқтала кетейік. Metzer group тамшылатып суару жүйесіне қажет құрал-жабдықтар шығарады. Кәсіпорн Қазақстанда METZER Kazakhstan халықаралық брендін қалыптастырған. Тамшылатып суару жүйесі бойынша Израильдегі ең үздік өндірушінің бірі саналатын кәсіпорын нарықта 1970 жылдан бері жұмыс істеп келеді.
Metzer Kazakhstan 2014 жылдан бері Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан нарығында қызмет етіп, ауыл шаруашылығындағы күрделі мәселені шешуге атсалысып келеді. Мәселен, Metzer Kazakhstan кәсіпорны шығарған тамшылатып суару технологиялары кез келген дақылға, топырақ түріне, су сапасы мен климатқа арналған. Құрал-жабдықтар Израиль, Италия, АҚШ, Португалия елдерінде шығарылады. Кәсіпорынның суару технологияларына сұраныс жақсы. Айта кетерлігі, компания көтерме және бөлшек саудамен айналысады. Кәсіпорын мамандары тұтынушының ұсынысын қабылдаған соң алдымен егістікке барып, шолу жасайды. Аумақты өлшеп, су алатын жерді белгілейді. Шығынды, қажет материалдарды есептеп, ары қарай суару жұмысын бастайды. Кәсіпорын мамандары тамшылатып суару технологиясының пайдасы зор екенін айтады. Бұл әдіс судың ысырап болмай, қажет жерге баруына, егінді ерте жинауға, мол өнім алуға септігін тигізеді. Сонымен қатар топырақ эрозиясының алдын алып, арамшөптің көп таралуына жол бермейді.
Еске сала кетсек, таяуда Сенат Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің депутаттары Түркістан облысында «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» тақырыбы бойынша көшпелі отырыс өткізді.
Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына агроөнеркәсіп секторындағы өндіріс көлемін 70%-ға өсіру міндетін алға қойғанын атап өтті.
«Бірінші кезекте ауыл шаруашылығын еш кедергісіз жүргізу үшін жағдай жасау қажет. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен сапасын арттыру үшін жер мен табиғи ресурстарды пайдалану бойынша тиімді жағдайлар, инновациялық технология мен жабдықтар қажет», – деді сенатор Әли Бектаев.
Мақаламыздың соңында Ордабасы ауданының тұрғындарының назарына тамшылатып суарудың тиімділігі жайлы аз-кем мәлімет ұсынып отырмыз. Су өмірдің нәрі екенін ескерсек, тіршілік көзін үнемдеуді де қолға алған дұрыс. Ол ауызсудан бөлек, ауыл шаруашылыққа да қатысты. Егін мен бақшаны атам заманнан келе жатқан әдіспен суғару ескірген. Суды үнемдеу үшін тамшылатып немесе жаңбырлатып суғару әдісіне көшкен жөн. Осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, Жаңбырлатып (тамшылатып) суғару әдісін әрі осы әдістің құрал жабдықтарына сатып алуға мемлекеттің көмегі қандай екенін түсіндіруге арнайы жиын өткен. Жиынға Кеген ауданы Ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы мен аудандағы ірі шаруа қожалық иелері қатысты.
Бұл тәсіл топыраққа, өсімдікке және оларды қоршаған ауаға ең қолайлы тәсіл. Мұндай әдісте су сорғыш арқылы арнайы жаңбырлатқышқа су беріледі де, жоғарыдан топыраққа жаңбыр түрінде себіледі. Басқа суару әдістеріне қарағанда жаңбырлатып суарудың төмендегідей артықшылығы бар:
• Суаруды толық механикаландыру.
• Жер асты ыза суы жақын жерлерде өте қолайлы.
• Егінді өзара жақын егуге мүмкіншілік туады.
• Күрделі еңістікті жерлерде пайдалануға қолайлы.
• Жер бетінің тегістігін қажет етпейді.
• Аз су мөлшермен жылдам суаруға болады.
• Ағынды (ақаба) су болмайды.
• Су 25-30 пайыз үнемделеді тағы басқа.
Қолдану аймақтары:
• Жылыжайлар мен питомниктерде суару;
• Саябақтарды, бақшаларды, бақшаларды, егістіктерді, ағаштарды суару;,
гүлдер, көшеттер;
• Аязға қарсы себу
оқиғалар
• Сумен қамтамасыз ету үшін маусымдық құбыр;
• Тоғандағы резервуарларды толықтыру;
• Төгілу арқылы өрттің алдын алу
шымтезек батпақтары
Мемлекеттен қандай қолдау бар?
Суғару жүйелерін сатып алу үшін субсидиялар алу механизмі:
• Шаруа қожалығы суғару жүйесін жеткізуші мекемемен келісім шартқа отырады;
• Суғару жүйесін сатып алуға бөлінетін субсидияға қажет құжаттарды шаруа қожалығының иесі даярлайды;
• Ауыл шаруашылығы басқармасы құжаттармен танысып, суғару жүйесін субсидиялауға келісімін береді;
• Шаруа қожалығы суғару жүйесін жеткізуші ұйымға аванстық төлем (алғашқы транш) 20 пайызын аударады;
• Ауыл шаруашылығы басқармасы екінші транш 50 пайызын жеткізуші компанияға төлейді;
• Жеткізу ұйым суғару жүйесін жеткізіп және орнатып береді;
• Шаруа қожалығы қалған 30 пайызын келісім шартқа сәйкес бірден немесе бөліп төлейді.
Қажет құжаттар:
• Жеке куәлік;
• Шаруа қожалықтың талоны;
• Шаруа қожалықтың мүшелері туралы анықтама;
• Қысқаша бизнес-жоспар немесе ТЭН;
• Жер телімінің мемлекеттік актісі;
• Субсидиялаудың мемлекеттік субсидиялау жүйесінде жердің мемлекеттік актісінің тіркелуі;
• Электронды-цифрлы қолтаңба;
• Мемлекеттік қызметтер порталы арқылы электронды түрді өтініш тастау.
Айта кетерлік жайт қазіргі кезде елімізде осы суғару жүйесінің отандық өнім. Сапалы әрі бағасы да қолжетімді.
Шаруаларға да бұл суғару жүйесі ұнады. Кеген ауданындағы «Құмтекей» каналы іске қосылғанда осы суғару жүйесін мемлекеттің қолдауымен сатып алуды да жоспарлауда.
— Жаңбырлатып (тамшылатып) суғару жүйесі өте тиімді. Болашақта суғару жүйесінің тиімділігі мен пайдасын, мемлекеттен суғару жүйесін сатып алуға субсидияны қалай алуға болатындығы туралы түсіндірме жұмысын барлық ауылдық округтерде жүргізетін боламыз – дейді ұшан-теңіз пайдасын көріп жатқан шаруалар.
Мамандардың айтуынша, жаңбырлатып суару технологиясы арқылы дақыл түріне қарай өнімділік 2-4 есеге дейін артады. Әрі суды екі-үш есеге дейін үнемдейді. «Судың да сұрауы бар» демекші аз су жұмсап мол өнім алу болашаққа да сенімділікті арттырады.
Сондай-ақ, осы әдісті пайдалана отырып, диқандар жазық жерде тек мал азығы дақылдарын ғана емес, жаңа технологияның көмегімен көкөніс, бақша дақылдарын да өсіре алады. Бұл халықтың әл-ауқатын арттырып қана қоймай, өңірдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына да зор серпін береді.

Leave a reply