Tuesday, November 26

ЖАРТЫТӨБЕЛІК ТҰРҒЫН “АУЫЛ АМАНАТЫ” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛЫЖАЙДЫ ІСКЕ ҚОСТЫ

0
94

Созақ ауданында ауыл тұрғындарының табысын арттыруға арналған “Ауыл аманаты” жобасы аясында өз кәсібін ашқан азаматтардың саны артуда. Жобаны ұтымды пайдаланған Жартытөбе ауылының тұрғыны Жамал Балакүл 6 млн теңге несие алып, жаңа жылыжайды іске қосты.
Жартытөбе ауылына арнайы барған аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков диқандықты қолға алған кәсіп иесінің жұмысымен танысып, жаңа бастамасына жеміс тіледі. Кәсіпкердің айтуынша қазіргі таңда ондағы бір гектар жерге қызанақ пен қияр егіліп, жылына екі рет өнім алуды жоспарлануда.

Leave a reply