Сауран ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев: СЫНДАРЛЫ САЯСАТҚА ТОЛЫ САЛИҚАЛЫ СҰҚБАТ

0
97

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында: 2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық. Конституциялық Сот жұмысын бастады. Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жаңа ереже бойынша сайланды. Алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін сайладық. Ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау жалғасты. Былтыр 700-ге жуық ауыл әкімі сайланды, – деп мәлімдеді.
Қазіргі таңда Сауран ауданында он белсенді қоғамдық ұйым және үш саяси партияның аудандық филиалы ресми тіркелген. Оның ішінде «Amanat» партиясында – 3 974 адам, «Қазақстан халық партиясында» – 27 адам, «Ауыл» партиясында – 523 адам жұмыс істейді.
«Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында ауданда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін 12 орын және бейбіт шерулер мен демонстрациялар өткізудің 12 бағыты белгіленген.
Мемлекет басшысы бейбіт жиындар өткізуге қашанда мүмкіндік бар екенін ерекше атап өтті.
– Елімізде биліктің іс-әрекетіне жария түрде келіспеушілік білдіруге толық мүмкіндік бар. Азаматтар өзін толғандыратын мәселе туралы ашық айта алады. Мен мемлекеттік органдардан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, қоғамның пікірімен санасуды талап етіп келемін. Елімізде бейбіт жиналыстарды реттейтін демократиялық сипаттағы заң бар. Жақында петицияларды тапсыру және қарау тәртібін реттейтін заң қабылданды, – дейді.
Қазіргі таңда Сауран ауданында 11 үкіметтік емес ұйым бар. Оның ішінде 10-қоғамдық бірлестік, 1 – қоғамдық қор тіркелген.
Ауданның үкіметтік емес ұйымдары өз қызметін қоғамдық өмірдің түрлі салаларында және басқа да әлеуметтік маңызды бағыттарда жұмыс істейді.
Сауран ауданында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдардың басым көпшілігі Ескі Иқанда үшеу, Шорнақта бесеуі орналасқан. Оранғай, Қарашық, Майдантал ауылдық округтерінде бір-бірден орналасқан.
Аудандағы үкіметтік емес ұйымдар ауданның дамуына, қоғамдық жұмыстарына белсене атсалысып, бірлескен жұмыстар мен бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Маған сұхбатта ұнаған жайдың бірі отбасылық құндылықтарды сақтау мен әйелдерді, балаларды тұрмыстық зорлық зомбылықтан құтқарудың қатаң шарасы қабылданып жатқандығы.
– Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді. Біз мұнымен шектелген жоқпыз. Былтыр отбасындағы тұрмыстық құқық бұзушылықпен күрес тәсілдерін қайта қарадық. 1 шілдеден бастап полиция жәбірленушінің шағымын емес, қылмыстың анықталуын негізге алып, қылмыстық істі тіркеуге көшті. Яғни мұндай қылмыстарға қатысты іс қозғау үшін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен адамның арызы қажет емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді. Жәбірленуші қайта-қайта қысымға ұшырамауы үшін бұдан былай мұндай іске қатысты тараптарға екінші рет татуласу мүмкіндігі берілмейтін болды,-деп кесіп айтты.
Біз Сауран ауданында Отбасылық құндылықтарды сақтаумен тұрақты түрде айналысып келеміз. Қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» Елбасының Жарлығымен 2013 жылдан бері мерекеленіп келеді. 2023 жылы бұған он жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы өзінің Twitter парақшасында: «Бақытты әрі берік шаңырақ – еліміздің игілігі мен өркендеуі-нің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады», – деп жазды.
Мемлекет басшысы 2023 жылы «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысушыларды құттықтай келіп, «Бұл отбасы институтының және отбасы құндылықтарын дәріптеуге, ұлтымыздың әлеуетін арттыруға орасан зор үлес қосып келе жатқан бірегей жоба. Жыл сайын өткізілетін байқау шаңырағы шаттыққа бөленіп, берекелі бірлік пен татулыққа ұйыған өнегелі отбасыларды күллі елге танытады. Мұндай үлгілі әулеттер елімізде аз емес, өте көп. Халқымыз қай заманда отбасы дәстүрін берік ұстанып, қадірлей білген. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» біздің қанымызға сіңген қасиет. Әрбір азаматтың адамгершілік болмысының қалыптасуына отбасындағы ахуал айрықша әсер етеді. Әке-шешесінің, ата-әжесінің тәрбиесін көріп, үлкендерден тағылым алып өскен бала есейгенде отаншыл, білімпаз, еңбекқор азаматқа айналады. Берекелі әрі бақытты отбасы қуатты елдің тірегі. Сондықтан мемлекет әр шаңырақтың әл-ауқатын арттырып, әр азаматтың өсіп өркендеуі үшін барлық жағдайды жасайды»,-деп ерекше атап өткен болатын.
Осыған орай, Сауран ауданында елдің тыныштығын, отбасының береке –бірлігін сақтап қалу жайына баса назар аударып келеміз. Жалпы Ішкі саясат бөлімімен бірлесе отырып саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру, мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру болып табылады. Қашанда қоғамның тұрақтылығы мен татулығы басты назарымызда болады.

Leave a reply