ОРДАБАСЫ: АУДАНДАҒЫ АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІ БАҚЫЛАУДА

0
72


Президент Қ.Тоқаевтың 2025 жыл¬ға дейін ауыл халқын сапалы ауыз су¬мен толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын белгіленген мерзім ішінде орындап шығу Түркістан облысы¬ның әлеумет¬тік-экономикалық дамуындағы маңызды бағыттың бірі болып отыр.
Аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам ауылдық округі аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан спорт кешені, ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын тексеріп шықты.
Округтегі іссапары барысында аудан әкімі Ордабасы ауылына қарасты Баян бұлақ, Таңбалы бұлақ, Ұзын бұлақ, Қылышбұлақ елді мекендеріне жүргізілген ауыз су құрылысын аралап, тұрғын үйлерге су кіргізу жұмыстарын тексеріп шықты.
Азат Әбдіғалиұлы су құбырларының қыс мезгілінде қатты суықтан сақтау үшін жер асты жүйелерін қаптау жұмыстарын жүргізіп, ауыз судың ауылға іркілісіз жетуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты.
“Кез-келген құрылыс жұмыстарын алғаш бастаған сәттен бастап сапасына көңіл бөлген дұрыс. Сондықтан ауданымызда салынып жатқан құрылыс нысандарында ең бірінші кезекте сапа мәселесі тұруы керек” деді аудан әкімі Орда мөлтек ауданында салынып жатқан спорт кешенін аралау сәтінде.
Аудан басшысы 210 орынға лайықталған жаңа спорт кешенін аралау барысында аудандық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына жұмыс кестесіне сай құрылысты мерзімінде аяқтауды айтты. Мұнан соң аудан басшысы аталған мөлтек аудандағы екі қабатты тұрғын үйдің ішкі коммуналдық жүйелерін, сыртқы қасбетін тексеріп, ауыл әкімі, салалық бөлім басшысына тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасын орнату, көгалдандыру, кәріз жүйесін реттеу, басқа ауылдардан көшіп келген азаматтарды қоғамдық жұмыстарға тарту бойынша нақты тапсырма берді.
Одан бөлек, аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде өткен жылғы көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстардың өнімділігі және 2024 жылғы жоспар, аудан аумағындағы қоғамдық саяси ахуал, ауылшаруашылық бағытындағы ағын су арналарының бүгінгі жай-күйі, осы жылы атқарылатын жұмыстар жөнінде кеңінен талқыланды.
Әуелі аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков биыл аудан аумағына отырғызылатын ағаш көшеттерінің жоспары бойынша баяндады.
«Биыл көктем мезгіліне облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен 23 150 дана ағаш көшеттері босатылып берілген. Аталған көшеттер 10 ауылдық округі әкімдіктері мен «Темірлан абаттандыру» мекемесіне үлестіріліп, арнайы белгіленген орындарға егілетін болады», деді өз баяндамасында салалық бөлім жауаптысы.
Аудан басшысы округ әкімдері, жауапты мекеме басшыларына көктемгі науқанға осы бастан дайындықты күшейтіп, сапалы ағаш көшеттерін алдырып, суғару көздері, қоршау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді, жасылдандыру бағытында берілген жоспармен ғана шектеліп қалмай, отырғызылатын көшет санын көбейтуді де тапсырды.
Аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ аудан аумағындағы қоғамдық саяси ахуалға кері әсер еретін мәселерге тоқталып, 2 ыстық нүкте, 12 ыстық нүктеге айналу ықтималдығы жоғары мәселелер, 1 халықтың жаппай наразылығын тудыратын мәселер бойынша зерделеу жұмыстарын ортаға салды. Сонымен қатар, аталған өзекті мәселелердің оңды шешім табуына жауапты бөлімдер тарапынан алдын алу шаралары бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын жеткізді.
Аудан әкімі салалық бөлім басшысына атап өткен мәселелер бойынша кездесулер ұйымдастырып, қордаланған проблемаларды дер кезінде шешуді жүктеді.
Аппараттық мәжілісте аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков коммуналдық меншіктегі каналдардың қазіргі жай-күйі туралы ақпарат беріп, биылғы жоспарымен бөлісті.
Бөлім басшысының хабарлауынша каналдарды ағымдағы және механикалық тазалау бойынша «Құртай» каналының 1500 м, «Қазыналық» каналының 350 м тазаланса, «Найман» каналын бетондау жұмыстары жүргізілген. Жалпы аудандағы 90 каналдың жалпы ұзындығы 840 шақырымды құрап, 33 542 гектар суармалы жерді суаруға қауқарлы.Аудан әкімі жуырда әкімдік тарапынан каналдарды тазалауға алынған 2 техниканы кесте бойынша аудандағы су арналарын тазалау жұмыстарына жұмылдыруды, көктем, жазғы диқаншылық кезінде ағын судың шаруаларға іркіліссіз жетуін қамтамасыз етуді міндеттеді. Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы мәжілісте «Ауыл аманаты» бағдарламасы, кіріс көздерін арттыру бойынша да жауапты мекеме басшыларының қысқаша есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.
Бүгінгі таңда таза ауыз су мә¬селесі адамзат баласы үшін өзекті болып отыр. БҰҰ-ның дерегінше, дүние жүзінде миллиардтаған адам әлі күнге дейін таза ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Дү¬ниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) су ресурстары бойынша климаттық қызметтердің жай-күйі туралы соңғы есебіне сәйкес, суға байланысты тәуекел¬дер жоғары қарқынмен өсіп келеді. 2000 жыл¬дан бастап су тасқыны – 134, құрғақшылықтың ұзақтығы 29 пайызға өскен.
Қазірдің өзінде мамандар жаhандық климаттың жылынуына байланысты 2050 жылға қарай Орталық Азияда су тақырыбы күрделі мәселе болатындығын болжап отыр. Негізгі өзендері көршілес мемлекеттерден бастау алатын Қазақстан үшін су мәселесі шешімін табуды қажет ететін стратегиялық ба¬сым¬дықтардың бірі екені анық. Елімізде ауылдар мен шал¬ғай өңірдегі халқымызды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақ¬сатында мемлекеттік бағдар¬ламалар жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Дегенмен жерасты суларының картасын жаңарту, бұл бағытта тиісті ғылыми зерттеу¬лер жүргізу сынды атқарылатын мәселелер де баршылық. Жалпы Түркістан облысында елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауымен «сақалды құрылыстардың» мәселесін шешу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Өткен жылы 70 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен қаржы бөлініп, 38 нысанның құрылысы аяқталды. Қалған 32 нысан осы жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта 27 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 120,5 мың халық ауыз сумен қамтылды. Өткен жылдың соңында өңірдегі 11 нысан ел игілігіне пайдалануға беріліп, 81 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласында судың 40 пайызы босқа ысырап болып жатқандығын атып өтіп, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейтуді тапсырды. Осы ретте ҚР АШМ-не су үнемдеу технологияларына инвестициялық субсидия көлемін 50%-дан 80%-ға ұлғайту жөнінде ұсыныс берілген. Жалпы су үнемдеу технологияларын 2028 жылға қарай 100 мың гектар алқапқа енгізу межеленген. Өңірде суармалы алқаптарды ағын сумен қамту, каналдар мен қашыртқыларды тазалау жұмыстары жалғасады.Бұл орайда, Түркістан облысында жалпы егіс алаңы артып, 873,6 мың гектарды құрады. Өңірде көктемгі дала жұмыстары белсенді жүруде. Егістікті әртараптандыруға басым бағыт берілген. Оған сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15 мың гектарға артып, 335 мың гектарға жеткізілді. Биыл жүгері мен маш өсіруге ниет білдірушілер саны өскен. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында биыл ерте пісетін қырыққабат, сәбіз пияз бен картоп, бақша дақылдары артты. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды дала жұмыстарын барлық ауданда күшейтіп, өңірде мақта – тоқыма кластерін дамытуға басымдық беруді тапсырған болатын. Жұмысты жандандырып, шаруаларға берілетін көмектердің жылдам әрі жүйелі түрде үйлестірілуі бақылауда болуын ескертті.Шаруаларға берілетін мемлекеттік қолдау көлемі артты. Минералды тыңайтқыштарға 7 млрд.теңге бөлінеді. Қаржыландыру арқылы 10 мың тонна жүгері, 222 гектар жылыжайлар субсидияланады. Қосымща республикалық бюджеттен 8,5 млрд.теңге қаржы бөлу ұсынылды. Мақтаның 1,7 мың тонна шитін, 85 мың тонна жүгері мен 1,6 мың тонна бидайдың элиталы тұқымы субсидияланады. Қаржыландыру арқылы 462,6 млн м3 ағын су арзандатылған бағамен жеткізіледі. 22 мың тонна жуық жанармайға өтінім тапсырылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру 2024 жылы 13,4 млрд.теңгені құрады.Өткен жылы 201,7 мың га күздік егіс жиналды. 300 мың гектар егістікке жер жырты жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндауынша, көктемгі дала жұмыстарына техника толық дайын. 2023 жылы 1382 комбайн, тракторлар мен қосымша құрал – жабдықтар сатып алынды. Облыста 24 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар.
Мақаламыздың соңында мақта өндірісі жайлы маңызды мағлұматтарды ордабасылық тұрғындардың назарына ұсынып отырмыз. Елiмiздiң оңтүстiгiнде суармалы егiншiлiк ертеден қолға алынып, соның iшiнде мақта шаруашылығы өңiрдiң бiр миллионға жуық халқының бiрден-бiр күнкөрiс көзi болып келедi. Мақта саласын тоқыма және тігін өнеркәсібімен толыққанды дамыту үшін жергілікті тұқым шаруашылығын дамытуға күш салынған. Жергілікті тұқым шаруашылықтары мақта өсірушілердің қажеттіліктерінің тек 55 пайызын қамтамасыз етеді. Тауар өндірушілерді жергілікті өндірістің тұқымымен толық қамтамасыз ету үшін облыс аумағында орналасқан аграрлық саланың ғылыми мекемелерін әкімдіктің басқаруына беру ұсынылады. Мақта шаруашылығы саласының проблемалық мәселелері барлық мүдделі тараптардың қатысуымен түрлі диалог алаңдарында бірнеше рет талқыланды. Негізгі субсидиялардан басқа (минералды тыңайтқыштар, гербицидтер, тұқымдар, жеңілдетілген несиелік ресурстар және т.б.) саланы қолдау үшін шаралар қабылдануда. Мақта – техникалық дақыл ретiнде қоршаған ортаға, ауа райына, топырақтың құнарлылығына, әсiресе күн көзi мен ағын суға талғамы жоғары дақыл.
Мақта — аса бағалы өсімдік. Одан тамаша талшық алынады. Жабайы мақтаның талшығын адамдар өте ерте уақытта — сонау адамзат мәдениетінің алғашқы кезеңінде-ақ жинай бастаған-ды. Сөйтіп, мақта ежелгі заманнан мәдени өсімдікке айналды. Оны ең әуелі Үндістанда, одан соң Қытай мен Египетте өсіре бастады. Үнділер басқалардан бұрын мақтадан жеңіл де жұқа, торғын маталар, муслин және әдемі шыттар тоқуды үйренді. Қазір мақта Үндістанда, Америка Құрама Штаттарында, Қытайда, Бразилияда және басқа да елдерде егіледі. Біздің елімізде Орта Азия республикаларында, Оңтүстік Қазақстанда, сондай-ақ Закавказьеде өсіріледі. Мақта жылылықты, күн көзін, құнарлы топырақты және ылғалды қатты ұнататын өсімдік. Ол әдетте суармалы жерде өсіріледі. Өзінің биіктігі бір немесе бір жарым метр шамасында болады. Гүлдері ірі, ұрығы — қауашақты. Пісіп жетілген кезде қауашағы ашылып, үлпілдек ақ мақта көрінеді.
Егер қауашақтан сол бір үлпілдек массаны жұлып алып қарасақ, одан біз мақтаның тұқымын көреміз. Мақта өнеркәсібі біздің аймақтың экономикасының негізгі салаларының бірі. бүгінде мақта өсіру жақсы қолға алынған. Алайда шикізат өндірілгенмен мақтаны ары қарай өндеу, мата жасау, кәсіпорындар құру, жалпы жеңіл өнеркәсіп мәселесі кенжелеп тұр. Бұл мәселелердің легі жергілікті кәсіпкерді де алаңдатады. Өсiрiп баптау – вегетация кезеңiнде мақта талабына сай агротехникалық iс-шаралар өз уақытында және сапалы жүргiзiлсе, өнiмдiлiктi әр гектардан 40-50 центнерге дейiн жеткiзуге болады.
Мақта талшығы осы өсiмдiктiң беретiн негiзгi шикiзаты болып табылады. Шиттi мақтада 30-38% талшық, 50-56% шит болады, ал, шитте 18-22% мақта майы бар. Одан 20-дан астам түрлi дайын бұйымдар шығаруға болады. Шиттi мақта – халық шаруашылығының тоқыма өнеркәсiбi, май өңдеу, гидролиз, химия және басқа да салалары үшiн қажеттi шикiзат.
Шиттi мақтадан және қозаның вегетациялық өсiп-жетiлу барысындағы бөлiгiнен мынадай заттар жасап шығарылады: мақта-мата кездемелерi, жiптер, жасанды жiбек және терi, корд, былғары, фетр, парашют жасалатын кездемелер, тазартылған май, сабын, лак, күнжара, мал азығы, балық аулайтын аулар мен арқандар, тыңайтқыштар мен өсiмдiктi қорғау дәрi-дәрмектерi, спирт, тағамдық белок, химиялық заттар. 1 келi мақта талшығынан 5 метр ақжаймалық материал, 12 метр шыт немесе 20 метр бәтес, 1 келi шиттен 180-200 грамм май, 450 грамм күнжара, 360 грамм шит қабығы алынады. Ал, шиттен пластмасса, кино және фото пленкалары, линолеум, лак жасалады. 1 тонна шит қабығы 85 литр спирт, 300 келi құрылыс тақталарын, 28 келi көмiр қышқылын, 20 келi сiрке қышқылын бередi. Мақтаның қозапаясынан эпоксид араластырып, ыстық тәсiлмен сығымдау арқылы тақта материалдарын (ДСП) алуға болады. Оларды құрылысқа және үй жиїаздарын жасауға пайдаланады. Әлемде жүзге жуық мемлекет мақта өсiредi, олар негiзiнен субтропикалық және тропикалық климаттық белдеуде орналасқан. Қазақстан Республикасы мақта өндiруде жер шарындағы солтүстiк нүктеде орналасқан. Сондықтан бiздiң елiмiздегi мақта шаруашылығында бiрқатар ерекшелiктер бар. Атап айтар болсақ, кейбiр жылдары мақта пiсiп үлгеру үшiн күн көзiнiң жылуы жетiспейдi, сондықтан мақтаны дефолианттар жәрдемiмен жетiлдiруге тура келедi. Өңiрде орта талшықты мақтаны өсiрiп баптауды үйренген фермерлер жоғары сапалы өнiм өндiредi.
Бұл саланың тарихына аздап ой жүгiртетiн болсақ, Кеңес одағының солақай саясатының кесiрiнен егемендiк алғаннан кейiн ауыл шаруашылығында жүргiзiлген реформаның алғашқы кезеңiнде-ақ мақта өндiрiсi тұйыққа тiрелген едi. Өйткенi, 1990 жылға дейiн мақта дақылы басым болды. Мәскеу жергiлiктi мақта өндiрушiлердiң жағдайымен санаспай, келешекке мән бермей, тек жылдан-жылға көп мақта өндiрудi талап еткен болатын. Бiрақ бұл саясат халқымыздың әлеуметтiк ахуалына, өнiмдiлiкке, топырақ құнарлылығына, жердiң мелиорациялық жағдайына, ауыл шаруашылығы өнiмiнiң сапасына керi әсер етiп, мақта аурулары мен зиянкестерiнiң көбеюiне және өзге де карантиндiк арамшөптердiң тарауына әкелiп соқтырды.
Оның үстiне, елiмiзде мақта саласы бойынша ғылыми-зерттеулер жоқтың қасы болатын. Өзiмiздiң отандық сорттар да болмады. Мақтаның тұқымдық шиттi сорттары мен технологияларын көршiмiз Өзбекстан арқылы алып жүрдiк. Шамасы, осы жағдайға байланысты болар, сол уақытта кейбiр «көрiпкелдерiмiз» Қазақстанның мақта шаруашылығы келешекте Өзбекстанның мақта шаруашылығына әбден тәуелдi болуы мүмкiн деген сөздердi жиi айтатын. Елiмiз егемендiк алған соң суармалы жер, қыруар техника, мақта тазалау зауыттары жекешелендiрiлдi. Жер пайы бөлiнiп, орташа 5-10-20 гектардан шаруа шаруашылықтары құрылды. 1995-1997 жылдары тек мақта өндiрiсiмен айналысатын шаруалар саны Оңтүстiк Қазақстан облысында 85 мыңға жеттi. Жекешелендiру жұмыстары кезiнде мақтаның өнiмдiлiгi әр гектардан 17-19 центнерге дейiн төмендеп кеттi. ҚР Үкiметi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi мақта шаруашылығын дамыту мақсатында бiрнеше iс-шара қабылдап, жаңа жетiстiктерге жол аша бастады. Мақта өндiрушiлерге субсидия бөлу, жанар-жағармайды, тыңайтқыштарды, ағын суды, химиялық препараттарды пайдалануда 40 пайыздық жеңiлдiк беру шаруалардың ынтасын арттыра отырып, жоғары өнiмдi, сапалы мақта өндiруге қол жеткiздi.

Leave a reply