ҚАЗЫҒҰРТ: ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУДЫ КҮШЕЙТУГЕ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҮЛЕСІ ЗОР
Тақырыпқа сай Қазығұрт ауданында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сала қызметкерлерін халыққа жақындату тұрғысында елеулі жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Осы ретте ауданның түкпір-түкпірінде аталмыш мақсатты көздеген келелі кездесулер ұйымдастырылып келеді. Ол жөнінде біздің ақпараттық портал тұрақты түрде ақпараттар ұсынып келеді. Осы мәселе аясын кеңірек қамту тұрғысында Қазығұрт ауданында және өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етпекпіз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына бесінші бағытын құқық қорғау институттарын күшейту хақында айтқан болатын. Осы тұрғыдан аудан аумағында кешенді шаралар қолға алынып, нақты жұмыстар жүргізілуде. Анықтап айтқанда киелі өңірде қылмысты азайту жолында ішкі істер саласына мемлекет тарапынан көптеген міндетер жүктеліп, тиісінше жағдай да жасалынып жатыр.
Тұтас өңір жөнінен қылмыстық ахуал тұрақты. Осы жылы 2000-нан астам құқықбұзушылық тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға төмендеген. Оның ішінде ауыр қылмыстың тіркелімі 44,7 пайызға азайып отыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылуы 90 пайызды құрады. Жалпы, қылмыстың алдын алу, болдырмауда біздің жеке құрам тәулік бойы қызметте. Полиция қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті мінсіз атқаруға жұмыс жасап жатыр. Соның нәтижесінде Түркістан республика көлемінде қылмысы ең аз облыс қатарында деп айтуға толық негіз бар.
Сонымен бірге Түркістан облысының барлық аумағында орнатылған жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары тәртіп сақшыларына қылмыстарды ашуға және түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі. Бүгінгі күні қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысында 1333 бейнебақылау камералары орнатылған. Оның 952-сі жедел басқару орталығына қосылған. Атаулы бейнебақылау камералары жедел жағдайды жақсартып қана қоймай, ішкі істер органдары қызметкерлерінің тәртібін, заңдылығын және жұмыс сапасын нығайтты деп толықтай атап айта кеткен жөн. Бұл өз кезегінде полиция қызметкерлерінің тікелей қатысуынсыз да қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және жол қозғалысы ережелерін сақтауға өз септігін тигізуде.