КЕНТАУДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОАКЦИЯСЫ БЕЛСЕНДІ ЖАЛҒАСУДА

0
75

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық эко акциясы аясындағы тазалық жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Тазалық жұмыстарында Кентау қаласының тұрғындары да белсенділік танытуда.
Кентаудағы Хантағы ауылының тау баурайында қалалық «Жастар ресрустық орталығының» ұйымдастыруымен еріктілер арасында «плоггинг» шарасы өтті.

Айта кетейік, плоггинг – салауатты өмір салты мен экология қамқорлықты біріктіретін ұғым. «Plogging» жүгір және тазала» акциясы 6 топқа бөлініп өткізілді. Онда әр топ мүшелері жүгіріп отырып, тау баурайы мен өзен-сулардың жағалауларын қоқыстардан тазаратты.

Акцияға белсенді қатысып, үздік атанған топтарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Одан бөлек, тазалық шарасына қаланың тазалығына жауапты мекеменің қызметкерлері де атсалысты. Табиғатты қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасын табады.

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Кентау қаласында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Аталған шараларға тұрғындар белсене атсалысып жатыр. Ардагерлер, әжелер және жалынды жастар бірігіп республикалық тазалық акциясына өз үлестерін қосуда. Қаладағы «Жастар саябағында» тазалық шарасын өткізіп, саябақтың айналасын қоқыстан, төңіректі арамшөптерден тазарту жұмыстары атқарылды.

«Тазалық – саулық кепілі. Біз өскелең ұрпақтың таза жерде, дені сау болып өскенін қалаймыз. Сол себепті әрбір тұрғын өз ауласының айналасын үнемі тазартып, отырған жерлерінің тазалығын сақтаса ең таза, ең мықты ел болатынымызға сенімдіміз. Барша тұрғындарды әрбір өткізілген сенбілікке белсенді қатысуға шақырамыз!» деді, қалалық «Ардагерлер кеңесінің» төраға міндетін атқарушы М.Юлдашев пен «Әжелер алқасының» төрайымы Р.Жұмагелдіқызы. «Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы сенбілік қаланың басқа аймақтарында да жалғасын табатын болады.

Leave a reply