КЕНТАУДА КӨШЕЛЕРГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Кентау қаласында жалпы 374 шқ құрайтын, 416 көше бар. Бүгінгі таңда, қанағаттанарлық жолдардың ұзындығы 303 шақырымға, яғни 81 пайызға жетті.Осы сәтке дейін, көше жолдарына құрылыс жұмыстарын қажет етіп тұрған аймақтарда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бүгін де қаладағы 66 орам көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 205 метр асфальт жабындысы төселіп, аяқ жол мен сауағар науа орнатылды.
Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында орталық көшелермен қатар, құрылыс жұмысын қажет ететін көшелер мен мөлтек аудандардағы ішкі орам көшелеріне басымдық берілуде.
Жалпы, биыл 14,5 шақырымды құрайтын 24 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған. Сондай-ақ, «Ауыл- ел бесігі» жобасы аясында Кентау қаласына қарасты Қарнақ, Байылдыр ауылдарында 14,6 шақырым құрайтын 22 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Жалпы Кентау қаласы бойынша 374 шақырымды құрайтын 427 көше бар. Былтыр жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 70 пайызды құрап, 262 шақырым жолдар асфальтталған болатын.
Биыл бұл көрсеткішті 80 пайызға жеткізу жоспарланған. Яғни асфальт төселетін жолдардың ұзындығы 297 шақырымға жетеді. Сондай-ақ, осы жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Хантағы ауылының 3 көшесіне, Ащысай ауылында жалпы 4 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.