САЙРАМ АУДАНЫНДА 5 ӨНЕРКӘСІП ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, 89 ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ
2020 жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында ауданда құны 1,9 млрд теңгелік 5 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда жоспар орындалып, 89 жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Атап айтсақ, агроөнеркәсіптік кешен саласында «AYKAN» ЖШС «Сүт өнімдерін өңдейтін зауыт» құрылысын іске қосты. Шығаратын өнімі құрғақ сүт пен құрғақ сары су. 15 адамға жаңа бос жұмыс орындары ұсынылды. Жоба құны – 390,8 млн т. Жоба өнеркәсіпті цифрландыру бойынша «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрлық технологияларды енгізген. Өндірісте Италия, Түркия мемлекеттерінің заманауи компьютермен басқаратын құрылғылары қойылған. Дайын өнімнің 30%-ын Ресей, Қырғызстан, Беларуссия мемлекеттеріне экспорттау жоспарланған. Бұдан бөлек, құрылыс индустриясы саласында темір-бетон бұйымдарын шығаратын «Коктал Групп» ЖШС, «Конус и К» ЖШС, «Daria Group» ЖШС, «Elit Stroy M&A» ЖШС 4 зауыт өз жұмысын бастады. 4 зауытта жалпы 74 жаңа жұмыс орны ашылды. Жобалардың ерекшелігі: заманауи құрал-жабдықтармен жоғары сапалы құрылыс материалдарын өндіреді және жеке шикізаттарын пайдаланады. Дайын өнімнің қазақстандық қамту үлесі 90%-ды құрамақ. Айта кетейік, Сайрам ауданында «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» аясында құны 11,6 млрд теңгелік 12 жоба іске қосылып, тұрақты өнім өндіруде. Оларда 610 адам жұмыспен қамтылған. 2020 жыл қорытындысында кәсіпорындар өндірген өнім көлемі 3,5 млрд теңгені құрады.