МАНКЕНТТЕГІ МӘНДІ ІСТЕР

0
132

Сайрам ауданы Манкент ауылының тұрғыны ағайынды Хасан, Хусан Расулметовтер 1,70 гектар жер телімін ағаш көшеттерін жетілдіру кәсібіне арнаған.

Мұнда қазіргі таңда жеміс ағашының 15 түрінен 6 мыңға тарта көшеті жерсініп тамырлап жатыр. Сонымен қатар, декоративті ағаштардың да 7 түрінен 5 мыңнан асатын көшеті жетіліп-ақ тұр.

Шаруаның айтуынша, әр көшет 2-3 мың теңгеден 10 мың теңгеге дейінгі бағада сатылады. Расулметовтер отбасысы бұл шаруаны ата кәсібіне айналдырып, көшет өндірудің қыр-сырын әбден меңгерген.

Ауданда отбасылық кәсіппен түрлі салада табысқа кенеліп отырғандар аз емес. Соның тағы бірі – ескі көліктерді қайта қалыптап, тіпті қуатын бұрынғысынан арттырып қайта құратын Ахматали Хидировтың шеберлер ұстаханасы.

А.Хидиров үйінің ауласынан шағын автокөлік жөндеу орнын ашқан. Ал манкенттік Тахир Рустамбековтің жанұясы мал шаруашылығын дамытып, сүт өнімдерін өндіруге әбден машықтанған.

Манкенттегі еңбексүйгіш, әулетті ғана емес, дәулетті де отбасылар осылай шағын кәсіптен табыс тауып, сәулетті өмір сүруде.

Leave a reply