Пятница, 20 сентября

СОЗАҚ: ҚЫЗЫЛКӨЛ КӨЛІНІҢ АУМАҒЫНДА СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

0
80

Бүгін «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында Қызылкөл көлінің аумағында жалпыхалықтық сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Сенбілікке барлық мекеме қызметкерлері, қоғамдық ұйым мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары атсалысып, көлдің айналасы, емдік қара балшығы бар аумағы және көлге апарар жолдың бойы тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстардан тазартылды.

FIMI Drone Camera


Осылайша барша мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар қауымы тазалық жұмыстарына көмек қолын созуда әрдайым ниетті екендіктерін білдіріп, тазалықты жүйелі түрде жүргізуде. Сонымен қатар аудан ардагерлері сенбілік ұйымдастырып, тазалық жұмыстарына белсене атсалысты. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен аудан орталығындағы «Даңқ» саябағы мен аудан аумағындағы барлық ауылдық округтерде сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков арнайы қатысып, аудан аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосқан ардагерлерге алғысын жеткізді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов барлық тұрғындарды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдауға шақырды. “Тазалықты алдымен өзімізден бастауымыз қажет. Ауылымызды таза ұстау, оны жасыл желекке бөлеу біздің басты міндетіміз. Осындай игі шаралар арқылы келешек ұрпақты тазалыққа тәрбиелейміз” — деп шараның маңыздылығына тоқталып өтті.

Саябақта өткен тазалық жұмыстарына 50-ге тарда ардагерлер қатысып, ауданның экологиялық жағдайын жақсартуға әрдайым ниетті екендерін жеткізді. Аумақты абаттандырды. Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған майдангерлер есімі жазылған белгітастарды тазалап, «Белгісіз жауынгер» ескерткішінің айналасын ретке келтірді. Тазалыққа қажетті 2 техника жұмылдырылып, арам шөптер мен қураған ағаштар оталды.

Leave a reply