Четверг, 19 сентября

САРЫАҒАШТА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

0
54

Аудан аумағынан өтетін Республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, аудан әкімі Арман Абдуллаев аталған жолға арнайы барып, асфальт төсеу жұмыстарымен танысты.

Жоспар бойынша А-15 автомобиль жолының 197-220 шақырымдары аралығында жалпы ұзындығы 22 шақырымды құрайтын арақашықтаасфальт жамылғысын төсеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған.
Аудан басшысы нысанды аралау барысында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан мердігер мекемесіне және тиісті бөлім басшысына жолдың сапасын жөндеу біткен соң емес кемшіліктерді алдын ала анықтап, жою керектігін ескертті.

Сондай-ақ аудан әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне арнайы барып, аумақта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын пысықтады.
Алдымен, аудан басшысы Жаңарық елді мекеніне қарасты С.Абдуллаев көшесінің бойына салынып жатқан жолаяқтың құрылыс жұмыстарының мән-жайымен танысты. Құрылыс жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы қаралып, ағымдағы жылдың шілде айында мердігер мекеме тарапынан 1,8 шақырымға жолаяқ орнату жұмыстары бастау алған.

Сонымен қатар, аудан әкімі Береке елді мекеніне қарасты Достық, Салауат, Қансонар көшелерін орта жөндеу жұмыстарының сапасын бақылады. Қазіргі таңда, жалпы ұзындығы 1,295 шақырымға асфальт жамылғысын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Құрылыс алаңында болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарын жоспарға сай мерзімінде сапалы аяқтау қажет екенін атап өтіп, ауылдық округ әкімі М. Тұрсынқұловқа бақылауды күшейтуді тапсырды.

Leave a reply