ТӨЛЕБИДЕ ШАҒЫН КӘСІПОРЫН 8 АДАМДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫП КЕЛЕДІ

0
65

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту экономиканы болашақта орнықты дамытудың міндетті талабы болып табылады. Төлеби ауданында бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жеке кәсібін жүргізуді мақсат еткендерге әкімдік тарапынан қолдаулар көрсетілуде. Сөзіміздің дәлелі, Тасарық ауылдық округі Ханарық елді мекенінің тұрғыны жеке кәсіпкер Ахметжанов Сирожиддин Сайфиддинұлы шағын наубайхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Жеке қаражаты есебінен іске қосылған «Sayfiddin ata» наубайханасына кондитерлік өнім пісіретін арнайы пештер, үлкен тоңазытқыштар сатып алған. Наубайханада 8 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылған. Күніне мыңға жуық нан өнімдерін пірісіп, дайын өніммен Ханарық елді мекенін толық қамтып, Оңтүстік ауыл, Көксәйек ауылдарыдағы дүкендеріне өткізуде. Бұған қоса, дәмі тіл үйіретін түрлі тәтті күлшелердің 9 түрін, кондитерлік өнімдер, торт дайындайды.

Нан өнімдерінің кез – келген түрін тапсырыспен пісіріп, той-думандардың көркіне айналған.
Наубайхана қызметкерлері тазалықты сақтап, талапқа сай қызмет етуде. Олардың еңбекпен өрнектелген өмірі көпке үлгі боларлық.

Наубайхана таңғы 7 ден кешкі 6 ға дейін жұмыс жасайды, жұмысшылардың күндік еңбек ақы 5 мыңнан 7 мыңға дейін. Кәсіпкер алдағы уақытта наубайхана көлемін үлкейтіп, нанның бірнеше түрін пісіріп сатылымға шығару аумағын көбейтуді жоспарлап отыр.

Leave a reply